МТРА жаңалықтары

Өңірде судан төнген қауіп бәсеңдеді

Асхат Бакишев, СҚО ТЖД ескерту бөлімінің бастығы.

-Сәуірдің 10-ы Петропавл су торабындағы тіршілік көзінің деңгейі 12 сантиметрге көтерілген болатын, бүгінгі күнде ол 1 сантиметрге түсті. Қазір секундына 570 текше метрдей мөлшерде төмендеу үстінде.

Өңірде биыл былтырғыдай 8 жол учаскесін су басқан. Оның ішіндегі үшеуі – республикалық маңыздағы тас жол. Мысалы, мына Заречный кентінің іргесінде орналасқан жолдан көліктер судың жайылуына қарамастан кедергісіз қозғалуда. Кейін су тартылған соң бұзылған тас жолдар толықтай жөнделмек.

Рүстем Жұмағалиев, СҚО ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы.

-Тайынша-Заречный жолы – грейдер тәріздес, тез үгітіледі. Оны да біртіндеп су шайып жатыр. Тайыншада 2 тас жолды, Шал ақын ауданындағы Белоградовка жолын су шайып үлгерген.

ТЖ қызметкерлерінің айтуынша бүгінде елді мекендерге судан төнетін қауіп сейілген. Тек облыс орталығындағы 155 саяжайдың су тасу аймағына жақын орналасуы алаңдатады.

 

 

Акбопе Танирберген.