Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ерік Сұлтанов СҚО әкімі болып қайта тағайындалды

Ең алдымен облыстық мәслихаттың хатшысы Қайырлы Едіресов жиналғандарға Ерік Сұлтановты өңір жетекшісінің лауазымына ұсыну жөніндегі мемлекет басшысының хатын оқып берді. Халық қалаулылары бұл кандидатураны бірауыздан қолдады. Кездесуде сөз сөйлеген облыс әкімі өзіне жүктелген мұндай сенім үшін алғыс білдірді.

Ерік Сұлтанов- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Құрметті депутаттар және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа маған көрсеткен жоғарғы сенімге және СҚО-ын басқаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін. Маған қолдау жасап, ілтипат білдірген үшін сіздерге де рахмет. Өңірдің қарқынды дамуына бар күш жігерім мен білімімді жұмсайтын боламын.

Кейін өңір жетекшісі аймақта жасалған және алда атқарылар жұмыстарға тоқталды. Облыста шағын және орта бизнесті дамытуға мол мүмкіндіктер жасалған. Әлеуметтік нысандар, мектеп, аурухана, балабақша және баспана салу мәселесі оң шешімін тауап келеді. Жолдарды қалыпқа келтіру шаруалары да біртіндеп жүзеге асырылуда. Теріскей астықты аймақ болғандықтан, өлкеде ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі.

-Облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті зор. Сондықтан, өңір аграрийлері жаңа агротехникалық әдістерді қолданулары қажет. Ол өнімділікті арттырады. Мал шаруашылығына келер болсақ, жыл соңына дейін 20 мың бас ірі қара алу көзделген. Асыл тұқымды мал басын арттыру үшін өңірде 5 репродуктор салынбақ. Елбасы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөнінде тапсырма жүктеді. Бұл бағытта да 1,7 млрд теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылады.

Айта кету керек, облыста 2016 жылы 8-ші өңіраралық форум өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта маңызды шараға дайындық жұмыстары қолға алынған.

 

 

Магжан Ахмадина.