Билік

Аймақ жетекшісі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласында құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады

Мұнда тиісті іс-шаралардың басым бөлігі атқарылған, қазіргі уақытта нысанның шатыры жабылуда. Жоба бойынша спорт сарайында 3 функционалды бөлім болады деп көзделуде. Яғни, жеңіл атлетика манежі, мұз айдыны мен велошабандоздар мектебі қызмет ететін болады. Аймақ жетекшісі Ерік Сұлтановқа жұмыс қарқынын құрылыс компаниясы директорының орынбасары Берік Салданов таныстырды.

Әмбебап спорт залы 500 орынға шақталған, сондай-ақ мұз айдынына қарасты трибунада бір мезетте 1000 адам ойындарды қызықтай алады. Жұмыс қарқыны бәсеңдемесе жуық арада нысан маңын абаттандыру мен инфрақұрылыммен жабдықтау көзделіп отыр. Спорт сарайын қыркүйек айында ел игілігіне тапсыру жоспарланған. Аймақ жетекшісі қарқынды үдетіп қана қоймай, құрылыс сапасын назардан шет қалдырмауды тапсырды.

Облыс жетекшісі Жамбыл көшесінің бойындағы құрылыс алаңында да болды. Мұнда 3 қабатты тұрғын үй салынбақ. Компания басшысы Самат Исиннің сөзіне қарағанда, ірі блокты және полистиролбетон материалын қолдану 36 пәтерлік үйдің құрылысын 3 айда аяқтауға мүмкіндік бермек.