МТРА жаңалықтары

1 Мамыр мерекесінде сәндік-қолданбалы қолөнер туындыларының жәрмеңкесі өтті

Бақыт мен бірліктің жерұйығы саналатын қазақ елінде сан түрлі этнос өнерге кенде емес. Олар бір-бірінен ұлттық аспаптарымен, ән-жыры бүтіндей алғанда мәдениетінің қайталанбастығымен ерекшеленеді.

Негара, забр, саз. Бұл атадан балаға мирас болған әзірбайжан ұлтының көне аспаптары. Одан шыққан әуендер кейінгі ұрпақтың құлақ құрышын қандырып, ұлтжандылық сезімін тәрбиелеуде маңызы зор.

Самир Зейналов, “СҚО әзірбайжан мәдени-орталығы” ҚБ мүшесі.

-Қазақ елінде тұрғанымды мақтаныш санаймын. Менің қазақ халқына алғысым шексіз. Өйткені, олар аталарымның басына қиыншылық туып, жер аударылғанда көп көмегін тигізді. Және мен елімізде бейбітшілікті бағалаймын. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толды. Бұл мен үшін барлық ұлтты тұтастыратын бірегей институт.

Мына жерден шоқпар, қалқан, астау, күбіні көресің. Бұл көненің көзі қазақ халқының бағзы заманнан бөтенді құшақ жая қарсы алатын қонақжай, батыр ел екенін аңғартып тұр. Сондай-ақ, осы жерде көрерменге қыз-келіншектердің қолымен жасалған бұйымдар қойылды. Роза Рсаева 30 жылдан астам уақыт ауылда сауыншы болып еңбек еткен. Зейнетке шыққан нәзік жанды 6 жыл бұрын ісмерлік өнерге бет бұрып, төр көрпе, дорба, көпшіктерді тіге бастайды. Қазір еңбегі жанып, республикалық деңгейдегі көрме-байқауларға ұсынылып жүр.

Роза Рсаева, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” ҚБ мүшесі.

-Құдайға шүкір ашық аспан астында сан ұлт бейбіт күн кешіп жатыр. Бұл алдымен елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Ұлт көшбасшысына зор денсаулық, төзімділік, бақыт тілеймін.

Орыс жігіті Борис Козлов қайың қабығынан бұйым жасауды 20 жылдан артық ештеңеге айырбастамай келеді. Азамат сүйікті ісін бүгінде бизнеске айналдырып, өз алдына жеке кәсіп ашқан. Оның ою-өрнекпен нақышталған туындылары алыстан көз тартады. Борис аса ыждахатылықпен әзірленетін 1 еңбегіне 2 күнін жұмсайтын көрінеді.

Борис Козлов, қолөнер шебері.

-Бұйымдарға қажетті қабықтарды қайыңнан жазда сыпырып аламын. Қабықты бұйымның пішініне келтіре отырып кесемін. Одан көріп тұрғандарыңыздай бас киім, тарақ, шаш қыстырғыш тағы да басқа көңілге қонымды дүниелер жасауға болады.

Қой жылы елеулі оқиғаларға толы. Қазақстан халқының бірлігі күні биыл Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Оған қоса Қазақстан халқы президент сайлауында ауызбіршіліктің үлгісін танытып, барлығы Н.Ә.Назарбаевқа осымен 5-ші рет елдің болашағын сеніп тапсырды.

Зухра Атажанова, “Дуслық” татар-башқұрт этномәдени орталығының мүшесі.

-Мына жерге 42 этностың ұлттық тағамы қойылды. Бұл көрініс елімізде байлық, татулық, береке мен молшылық барын көрсетеді. Қазақстан атты бір шаңырақтың астына ұйысқан барша халыққа бейбітшілік, достық, мызғымас денсаулық, тыныштық тілеймін. Мереке құтты болсы.

Ал, Абай мен Пушкин ескерткіштерінің маңында қыз-жігітер солтүстікқазақстандықтарға 30-ұлттың биін көрсетті. Ал келесі бір бұрышта балалар қуанышы мен елге деген сүйіспеншілігін тас жолға салған суреттері арқылы жеткузде.

Сымбат Мыңжанова, оқушы.

-Шара жақсы өтуде. Әлемдегі бар жақсылықты елім, халқыма тілеймін. Елбасымыз аман болсын. Сол кісінің арқасында біз осындай күн кешіп жатырмыз.

Қазақша күрес, асық ату, шахмат, дойбы. Мына алаңда балақайлар мен жасөспаірімдерге бұл күні қазақ, орыс, шешен-ингуш, украин жиыны 30-ға тарта ұлттың ойыны ұйымдастырылды. Тасада тұрғандардың көңілі бадменгтон, сақина лақтыру сынды заманауи ойындармен ауланды.

Наталья Дементьева, ұйымдастырушы.

-Конкурс -фестивалде әр ұлт өнерін паш етіп, ұлттық тағамдарымен таныстыра алады. Байқаудың соңында барлығына тәтті сыйлықтар үлестіреміз. Жалпы үлкен-кіші шараға белсенді қатысып жатыр. Барлығының көңіл күйі тамаша.

Кейінгі ұрпаққа білім, ғылым, спотта толағай жетістіктерге жеткен аға-әпкелеріне қарап бой түзейді бүгінде. Әділет Әуелбек өз салмақ дәрежесі бойынша кик бокстан бірнеше дүркін ел чемпианы атанған.

Әділет Әуелбек, 1-ші дәрежелі кик боксшы.

-Ойындар жақсы өтіп жатыр. Мұнда қазақша күрес, асық ату сынды қазақтың ұлттық ойындарынан басқа өзге этностың ойындары ойнатылып жатыр.

Елбасы ұстанған салиқалы саясатының арқасында бүгінде елімізді мекен еткен сан ұлттың баласы болашағына сеніммен қарайды.

 

 

Берик Касен.