МТРА жаңалықтары

СҚО-да мемлекеттік тапсырыс бойынша 96 миллион тұқы, сига балығы су көздеріне жіберіледі

Людмила Волкова, “Петропавл балық питомнигі” РМҚК өндірістік цех меңгерушісінің міндетін атқарушы.

-Сига балығының дернәсілдерін бір-бірлеп санау мүмкін емес. Сондықтан біз басқа әдісті қолданамыз. Мысалы, мына ас қасықта 10 мың дернәсіл бар деп шамалап аламыз. Сонда, ыдысқа 10 қасық құйсақ, 100 мың балықтың дернәсілі түседі. Және оның саны арнай формуламен есептеледі. Балықтың бұл түрі тез өседі. Күзге дейін жәндіктің ұзындығы 25 см-ге дейін жетеді.

Биыл Петропавл балық питомнигіне сига және тұқы балықтарын көбейту үшін ел қазынасынан 54 млн. 800 мың тг. бөлініп, аталған қаражат толығымен игеріліпті.

Ержан Жұмабаев, “Петропавл балық питомнигі” РМҚК директоры.

-Мемлекеттік тапсырыс бойынша Сергеев және Петропавл су қоймасына қыркүйек айының соңына дейін 55 млн. сига балығы, 40 млн. тұқы және 1 млн. тұқы балығының шабағы жіберілмекші.

Бүгін мемлекет тапсырысы бойынша 7 млн. сига балығының дернәсілі облыс орталығы маңындағы Есіл өзеніне жіберілмекші. Қазір шала жансар су жәндіктері полителен қаптарына салынып, олар ауамен толтырылып жатыр.

Кейін жүк көлігіне тиелген қаптар Петропавл су қоймасына жеткізілді. Мұнда су жәндіктерінің қажетті мөлшерде болуын арнайы жасақталған комиссия мүшелері қадағалады. Олардың санатында балық инспекциясы, қала әкімдігі, ветеринария бөлімінің мамандары бар. Жалпы биыл мемлекет тапсырысы бойынша Сергеев және Петропавл су қоймаларына 96 млн. дана балық жіберіледі.

 

 

Берик Касен.