МТРА жаңалықтары

Петропавда”Радуга” – жасөспірімдер фестивалі өтті

Алина Бакчулова, «Мерей» би ансамблінің мүшесі.

-Біз бүгін Ассамблеяға 20 жыл және және халықтар бірлігі күніне орай «Дружба венок» биін биледік.

Қос мерекеге орайластырылған шараға 20-ға жуық шығармашылық ұжым қатысты. Дарынды жастар ұттық аспаптарда ойнап, ән салды. Бұл сахнада қазақ ұлттық әндерін нақышына келтіріп орындаған бірден-бір ансамбль – “Айгөлек”. Ұжымның орындауындағы Үкілі Ыбырайдың әні – «Гәкку» – көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

Ирина Колодаева, СҚО балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы директорының орынбасары.

-Фестивальді Қазақстан халқының бірліге күніне орай жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Биылғысы Ассамблеяның 20, Жеңістің 70 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келгенімен ерекшеленді. Бүгін саханада өнер көрсеткен барлық 300-ге жуық жас өнерпаз дипломмен марапатталады.

«Радуга» фестивалінің аясында «Жастар шығармашылығы» сурет көрмесі де ұйымдастырылған. Қылқалам шеберлерінің арасында 12 жасар Карина Омарованың «Бірлік» деп аталатын мына суреті үздік деп танылған.

 

 

Акбопе Танирберген.