Спорт

«Мен чемпион» жобасының жеңімпаздары «Балдәурен» лагеріне аттанды

Светлана Летучая, СҚО білім басқармасының бөлім жетекшісі.

-Облыстық Муниципалдық телеарна басшылығының бастамасымен және облыстық әкімдік, “Нұр Отан” партиясының қолдауымен өткен “Мен чемпионмын” жобасында үздік үштікке кірген 17-ші ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің – “Олимпийцы”, Айыртау ауданының – “Виктория”, 7 мектептің – “Стрела” командасының мүшелері барады. Әр командада ойнаған барлық 12 бала жолдама иеленді.

Лагердегі 20 күн «Жеңіспен теңесу» деген ұранмен өтпек. Оқушылар Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығын да «Балдәуренде» қарсы алатын болады. Сондықтан бүгін олар «Отан қорғаушы-Петропавлдықтарға ризашыл жерлестерінен» стелласына гүл шоқтарын қоюды жөн көрген. Одан кейін сөмкелерін алып сапаржайға келген жеңімпаздарды, ата-аналары мен бапкерлері шығарып салды.

Алена Болтрушко.

-Менің балам “Стрела” тобының ойыншысы. Ол лагерге аттанатын сәтті асыға күтті. Баламның осындай жетістіктерге жетіп, биіктерді бағындырып жатқанына қуанамын. Оған және барлық жолдастарына сәт-сапар тілеймін.

Поездың стансаға келуін күтіп тұрған балалар финалдық ойындардан алған әсерлерімен бөлісуде. Олдар ойын барысындағы қызықты сәттер мен бапкерлер қаталдығын әлі ұмытпаған.

Маким Алисиевич, “Олимпийцы” командасының ойыншысы.

-Көңіл-күйім керемет. Осы жобаның келесі маусымына да қатысамын. Ойыннан алған әсерлерімді айта бергім келеді.

Артем Онищенко, “Виктория” командасының ойыншысы.

-Осындай жарыстар жиі болса екен. Бізге ұнады. Әр-түрлі ойындар ойнап серпілдік. Ал Балдәуренде спортпен шұғылданып, сабағымызда да оқийтын боламыз.

Тағатсыздана күткен 624 Петропавл-Астана жүрдек поезды келіп, оқушылар вагондарға жайғасып жатыр. Олар 4-ші тоқсанның аяқ шенінде оралатын болады.

 

 

 

Акбопе Танирберген.