МТРА жаңалықтары

“Чекті суретке түсір де сыйлық ұтып ал!” акциясыДүкенде тұтынушыға міндетті түрде чек берілуі тиіс. Ал, өйтпеген жағдайда сатып алушының өзі талап етуі керек. Бұл бір жағынан мемлекет үшін пайдалы, яғни салық түседі. Екіншіден, кейін тауар бүлінген жағдайда тұтынушының өз құқықын қорғап қалу үшін қажет. Осы орайда Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы тұрғындар арасында салықтық сауаттылықты арттыру мақсатында акция ұйымдастырғалы отыр. Шара “Чекті суретке түсір де сыйлық ұтып ал” деп аталады. Жібек Күлікова – Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы – Осы акцияны өткізуге смартфондар үшін мобильдік қосымшалар құрастырылған. Смартфонға мобильдік қосымшаларды www.kkm.integro.kz немесе play market сайтынан алуға болады. Смартфонның көмегімен чекті суретсе түсіріп, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберу керек. Акция талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін 46-45-65 телефоны бойынша хабарласуға болады. Негізінде бір адам бір-ақ чек жібере алады. Оған нөмір тағылып, кейін олfрдың барлығы ойнатылады. Салық мамандарының айтуынша, қалада заңғар дүкендерде есеп қағазы тұтынушыға көп жағдайда табыс етіледі, ал шағын дүкендерде ұсынылмауы да ықтимал. Бірақ, кейбір жерлерде нысан патент бойынша жұмыс істеуі мүмкін. Ең бастысы, чек берілсе болғаны, ал оны алу, алмау – тұтынушының құқығы. Осы орайда, біз қала тұрғындарының пікірін білдік. – Кейде аламын, кейде алмаймын. Алу керек шығар, кейін үйде не алып, не қойғаныңды сол чек арқылы тексеруге болады. – Мен чек сұрамаймын. Өйткені, доверяю. – Мен, әрине, чекті талап етемін. Егер тауар бүлінген болса, кейін оны қайтаруға болады. Бірде мен тауар алып, үйге келгенде бірақ оның мерзімінің таусылғанын байқадым. Сосын сол алған жерге барып еш кедергісіз қайта тапсырдым. Аталған акция қалада екінші рет ұйымдастырылмақшы. Бірақ, әзірге, нақты шарттары белгісіз. Бірінші рет 2012 жылы өткізіліпті. Онда адамдар белсенді қатысты және сыйлыққа тұрмыстық техника табыс етілген еді дейді салық мамандары. Данаш Хамзина.

Жібек Күлікова – Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

– Осы акцияны өткізуге смартфондар үшін мобильдік қосымшалар құрастырылған. Смартфонға мобильдік қосымшаларды www.kkm.integro.kz немесе play market сайтынан алуға болады. Смартфонның көмегімен чекті суретсе түсіріп, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберу керек. Акция талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін 46-45-65 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Негізінде бір адам бір-ақ чек жібере алады. Оған нөмір тағылып, кейін олfрдың барлығы ойнатылады.
Салық мамандарының айтуынша, қалада заңғар дүкендерде есеп қағазы тұтынушыға көп жағдайда табыс етіледі, ал шағын дүкендерде ұсынылмауы да ықтимал. Бірақ, кейбір жерлерде нысан патент бойынша жұмыс істеуі мүмкін. Ең бастысы, чек берілсе болғаны, ал оны алу, алмау – тұтынушының құқығы. Осы орайда, біз қала тұрғындарының пікірін білдік.

– Кейде аламын, кейде алмаймын. Алу керек шығар, кейін үйде не алып, не қойғаныңды сол чек арқылы тексеруге болады.


– Мен чек сұрамаймын. Өйткені, доверяю.

– Мен, әрине, чекті талап етемін. Егер тауар бүлінген болса, кейін оны қайтаруға болады. Бірде мен тауар алып, үйге келгенде бірақ оның мерзімінің таусылғанын байқадым. Сосын сол алған жерге барып еш кедергісіз қайта тапсырдым.

Аталған акция қалада екінші рет ұйымдастырылмақшы. Бірақ, әзірге, нақты шарттары белгісіз.
Бірінші рет 2012 жылы өткізіліпті. Онда адамдар белсенді қатысты және сыйлыққа тұрмыстық техника табыс етілген еді дейді салық мамандары.

 

 

Данаш Хамзина.