МТРА жаңалықтары

Жеңіс күніне орай қуыршақ театрында әдеби-музыкалық қойылым сахналанды

Анатолий Наргеленас – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының сценаристі, режиссер

– Бұл туынды Ұлы Отан соғысына қатысқан қыз-келіншектер естелігінің желісімен жазылды. Сол жылдары әйел затының мойнына ауыр жүк түсті. Бірақ бұған қарамастан олар майдангерлерге бар жағдайды жасады. Сахнада батыр аруларымыз туралы қойылымдар аз болған соң, мен осы әдеби-музыкалық қойылымды көрермен назарына ұсынуды жөн көрдім.

Әдеби-музыкалық кешке арнайы шақыртылған қонақтардың қатарында Жасұлан Құдабаев та бар. Ол – тыл еңбеккері. Сол сұрапыл жылдарды бастан кешірген қария бүгінгі күніне шүкіршілік етуде. Жастардың үлкендерге деген ықылас-пейіліне де ырза. Бүгін сахыналанған көрсетілімді тамашалап отырып 86 жасар қария көзіне жас та алды.

Жасұлан Құдабаев – тыл еңбеккері

 

– Осы күні айтарым халықтың пиғылы жақсы. Бүгінгі міне қарт адамдарға сыйлық сияқты. Концерттер беріп жатыр. Кешегі, алдыңғы күндері өтті. Қадірлеп алға отырғызып, соның бәрін біліп жүрміз.

Кеш соңында театр ұжымы қарияларға өз алғыстарын білдіріп, барлығына гүл шоқтарын ұсынды. Көрермен ықыласы да ерекше болды.

Айгерім Ержанова.