МТРА жаңалықтары

СҚО кейбір елді-мекендерде жол учаскелері мен саяжайлардың шамалы бөлігін су басты

Асхат Бакишев, СҚО ТЖД ескерту бөлімінің бастығы

– Бүгін түнде Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 82 см-ден 80 см-ге төмендеді. Бірақ су қоймасынан төмен жатқан кей аймақтарды, атап айтсақ, Тайынша ауданындағы Бірлік ауылы, Тайынша-Заречный бағытындағы жолдың шамалы бөлігін су басты. Сондай-ақ, осыған ұқсас жағдай Шал ақын ауданындағы Белоградовка селосында орын алды. Және облыс орталығының маңындағы “Челябі- Новосібір” бағытындағы республикалық жолдың 5 шақырымы жабылды. Ол жерге бөгеттер қойылып, айналма жол қарастырылды.

Суда құтқару қызметінің өкілдері сәуірдің 27-сінде Петропавл су торабындағы көрсеткіштің де 19 см-ге жоғарылағандығын байқапты. Салдарынан қазір аталған нысанға жақын орналасқан Заречный кентіндегі саяжайларға қызыл су келіп жатыр. Бұл жағдай ТЖД-ті жанынан құрылған жедел штабтың ұдайы бақылауына алынды.

Асхат Бакишев, СҚО ТЖД ескерту бөлімінің бастығы

– Қазір жекелеген аудандардың маңайында Есіл өзенінің деңгей жоғарылағаны байқалады. Атап айтсақ, Қызылжар ауданындағы Новоникольск селосында су 42 см-ге, Долматова селосында 14 см., ал облыс орталығында Петропавл су торабындағы тіршілік көзінің дейгейі 19 см-ге көтерілді. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Осы кезеңде адамдар аса сақ болса деймін. Өйткені, бірер күн бұрын Айыртау және Есіл аудандарында 2 балықшы суға кетті.

4-ші билік өкілдеріне ұйымдастырылған брифинг барысында өрт сөндіру қызметінің мамандары өңірде қызыл жалынның да алдын-алуға қатысты атқарылып жатқан шаралар жайын айтты. Үстіміздегі айда көктемгі дала жұмыстарында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан Тайынша, М.Жұмабаев, Жамбыл аудандарында егістік алқаптары өртке оранған. Соңғысында 170 гектар аумаққа отырғызылған былтырғы зығыр толығымен жанып кетті.

Асқар Мұқышев, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы

– Әрбір шаруа қожалығында өрт сөндіруші құралдар болу керек. Олар алқаптарын өртегенде оны соңына дейін бақылау керек. Өйткені, тілсіз жау тарап басқа жел телімдері мен орманды шарпуы мүмкін. Заңды бұзған заңды тұлға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал жеке тұлғаға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, осы күні орман өрттерін алдын-алуға бағытталған шаралардың жоспары құрылған.

 

Берик Касен.