МТРА жаңалықтары

Шапағат – 2015 байқауынан жүлделі оралды

Республикалық сынға солтүстік өңірінен 6 оқушы өз жобасын ұсынған. Оның ішінде,”Жас дарын” наминациясы бойынша тек Салтанаттың еңбегі жанды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 88 жасөспірімнің арасынан жерлесіміздің еңбегі байқау комиссиясының назарына іліккен.

Бейбіт Қазбеков, СҚО әділет департаментінің бөлім басшысы

– Бұл конкурс Астанада жыл сайын өтеді. 2004 жылы бастау алғаннан бері солтүстікқазақстандық өнертапқыштарды қатыстырып келеміз. Тек быйыл ғана жетістікке жетіп отырмыз.

Жас өнертапқыш жобасын жетілдіру үшін үнемі ізденісте жүреді. Болашақта ол мұндай байқауларға өз жұмысымды тағы ұсынамын деп отыр.

 

 

Акбопе Танирберген.