МТРА жаңалықтары

Қазақстанда балалар суретіне байқау жарияланды

Әлия Хасенова, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ішкі жұмыс бөлімінің басшысы

– Бұл сайыстың мақсаты – болашақ ұрпаққа қатысты міндетті салық төлемдерін түсіндіру үшін және де тұрғындар үшін де салықтық сауаттылықты түсіндіру үшін жүргізіліп жатыр.

Байқау өңірлік және республикалық кезеңдерден тұрады. Біріншісі, Петропавлда – 20 мамырға дейін жалғасады. Суреттерді қандай да болсын материалда кез-келген техникада бейнелеуге рұқсат етілген. Орындауға акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш пен фломастерді пайдалануға болады. Ал туынды салынған қағаздың сыртына қатысушының аты-жөні жазылып, қолы қоюлы болуы керек. Суреттер негінен А3 пен А4 форматында қабылданады.

Әлия Хасенова, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ішкі жұмыс бөлімінің басшысы

 

– Сайысқа қатысушылдардың жұмыстары 2015 жылдың 20 мамырына дейін Петропавл қаласы Мир көшесі 85 үйдің 35 кабинетінде қабылданады. 02:35 Жеңімпаздардың тізімдері мен олардың жұмыстары 25 мамырға дейін ҚР қаржы Министірлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетіне республикалық сайысқа қатысу үшін ұсынылады.

Өнерлі балғындардың байқауы жайлы толық мағлұматтарды 46-45-30 және 46- 70-22 телефондарын қоңырау шалып білуге болады. Аймақтық кезеңнен өткен суреттер Республикаға жіберіледі. Ол кезеңде сайыстың жеңімпазы атанған өнерпазға бағалы сыйлық табыс етіліп, жұмысы Астанадағы көрмеге қойылады.

Акбопе Танирберген.