МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Солтүстікқазақстандық Кеңес одағының Батырлары” атты кітап жарыққа шықты

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары

– Қазақстандықтар ата-бабаларының ерлігін ешқашан ұмытпайды. Біздің ардагерлеріміз оққа өз кеудесін төсеп, Отан үшін аянбай күресті. Сұрапыл соғыс жылдары барлық адамдар ұлт пен ұлысқа бөлінбей, иық тіресіп жауға қарсы шапты. Оларға біз мәңгілік парыздармыз.

Жалпы бұл кітапта Кеңес Одағының батыры атағын алған 55 жерлесіміз бен 11 даңқ орденінің иегерлері жайлы өмірбаяндық мәліметтер жазылған. Сол сұрапыл соғыс жылдары Сабыр Ибраевтың атасы шал ақындық Ысқақ Ыбыраев пен алты бірдей туған-туыстары майданға етікпен қан кешуге аттанған екен. Олардың біреуі хабар-ошарсыз жоғалып, қалғаны дін аман еліне оралыпты.

Сабыр Ибраев – Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ыбыраевтың немересі

– Менің атамның есімі бұл кітапқа еніпті. Мен оған өте қуаныштымын. Біздің отбасыдан 7 адам соғысқа қатысқан.

Негізі Шал ақын ауданынан 3 Кеңес одағының батырының есімі бұл кітапқа енген екен. Ал қазіргі таңда аталмыш ауданда көзі тірі 12 ұлы отан соғысының ардагері мен 497 тыл еңбеккерлері бар.

Тұрар Оразалин – Шал ақын ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы

– Біздің ауданда екі Кеңес Одағының Батыры барда. Енді мұрағат қызметкерлері құжаттарды қопарып тағы біреуінің есімін тапты. Оған біз қуаныштымыз.

Мұндай ғажап кітаптың дүниеге келуін өңіріміздің жастары да құпатрлық іс деп, қолдап отыр.

Гүлімжан Қайырбекова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті

– Менің ойымша, бұл кітап өскелең ұрпақ үшін үлкен көмек. Өйткені жастар өздерінің батыр бабаларын жатқа білу керек.

Жалпы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында солтүстікқазақстандық Кеңес одағының батырлары жайлы кітапты шығаруда мұрағат қызметкерлеріне жергілікті құжаттар аздық етіпті. Олар түрлі елдерге де тапсырыстар жіберіп, әр батырдың марапаттау қағаздарын, хаттары мен мақалаларында енгізіпті.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры

– Бұл жинақты шығарарда Ресей, Беларусь елдеріне тапсырыстар жіберіп, керекті құжаттарды алдық. Алда әлі толықтырамыз.

Солтсүстікқазақстандық Кеңес одағының батырлары атты кітабының тиражы 200 дана екен.

 

Риат Шони.