Ауыл шаруашылығы

Орман пайдаланушылар мен орманды қайта өңдеушілер әріптестік жөнінде меморандум жасасты

Қабиден Сәдуақасов- СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

– Ұзақ мерзімді орманды жалға алушылар ағаш өңдейтін 28 цех жасақтаған. Оларда 100-ден астам ағаш кесетін құрылғылар жұмыс істейді. 370 жаңа жұмыс орны құрылған. Орман пайдаланушылар шығыратын өнімдер саны 35-тен асып жығылады. Ол тақтай, түрлі жиһаздар және ағаш көмірі.

Бұл ретте жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров орман пайдаланушыларына шығарылатын тауар түрлерін арттыруды тапсырды. Жалпы соңғы кездері орман пайдаланушылары жасаған өнімдерін өткізе алмай жүрген көрінеді. Бұл мәселе бірқатар кәсіпкерлердің жұмысына қолбайлау болып отыр.

Валерий Гусев- «Компания Углежог» ЖШС директоры

– Біздің осыған дейін жасасқан келісімшартымыз осы жылдың маусым айында аяқталады. Сондықтан біз болашағамызды бағдарлай алу үшін жұмыс орындарын құрып, жаңа цех ашу үшін ұзақ мерзімге меморандум жасау керекпіз. Біз тағы жоғары көміртекті ағаш көмірін өндіруді жоспарлап отырмыз. Ол іске қосылса, айына 1000 тонна өнім алуға болады. Тағы өндірісті жаңғыртуға да мүмкіндік туар еді.

Бұл мәселені өңір жетекшісі де өз бақылауына алып, шешуді тапсырған. Сондықтан жиын соңында орман пайдаланушылар мен ведомство басшылығы және кәсіпкерлер өзара әріптестік жөнінде мемарандум жасасты.

 

Магжан Ахмадина.