МТРА жаңалықтары

Оқушылар арасында республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өтті

Әділ Сатывалдыев – СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті, Петропавл қаласы

– Трактормен қыс кезінде суық жақта болғанда дәнекерлеу жұмысын, құбыр өткізуде қолданылады. Бұндай көлік біздің жақта жоқ.

Жалпы көрмеде авиация, жасыл энергетика, радиотехника, механика, робот техникасы, әскери машиналар қойылыпты. Соңғысы бойынша көрмеге жайғастырылған техника үлгілері келе жатқан Жеңіс мерекесіне орай әдейі жинақталыпты. Арасынан соғыс кезінде ұрыста қолданылған танкілерді де байқауға болады.

Мына ұрыс техникасын Тайынша ауданынан келген Қасым Исенов құрастырған. Бұл жас шебердің көрерменге ұсынған алғашқы жұмысы. Бұған дейінгі жобаларын тек өзі үшін жасап, ермек еткен.

Қасым Исенов – Зеленогай орта мектебінің оқушысы, Тайынша ауданы

– Танкті толықтай құрастырып шығуға 15 күндей уақыт кетті. Мұны пульттің көмегімен басқаруға болады. Оны жасауға қаңылтыр, шағын көлемді темір сынды материалдар қолданылды.

Осы жылы техникалық шығармашылық байқауының өңірлік кезеңіне 28 оқушы өткен. Әрқайсысы 3-4 жоба әзірлеп әкеліп, қорғап жатыр.

Ирина Колодаева – облыстық БМЖШ орталығы директорының орынбасары

– Байқаудың көздегені – тың жобаларды жасап жүрген жас дарын иелерін жан-жақты қолдау болып табылады. Сайысқа тек 7-ші мен 11-ші сыныпта оқып жүрген талапкерлер ғана қатыса алды.

Алда “ЕХРО-2017” халықаралық көрмесі келе жатыр. Ауқымды шараға қазірден-ақ талантты жеткіншектер талаптанып жатқан жайы бар. Көрмеге жайғастырылған әр салада қолданылатын техника, құрылғылар мен тетіктердің санында шек жоқ. Сондықтан, қазылар алқасына қорытынды жасап, жеңімпазды анықтау да оңайға соқпасы анық.

Геннадий Попов – қазылар алқасының мүшесі
– Біздер көрмеге ұсынылған жобаның сыртқы бөлігіне қатты назар аударамыз. Екіншіден, жоба авторынан туындының механизмі мен жаңашылдығын сұрастырамыз. Сондай-ақ, үміткердің қолында жобаның техникалық төлқұжаты болғаны жөн. Егер регламент бойынша құжат болмай шықса, қатысушы бірден байқаудан шеттетіледі.

Байқау соңында бас жүлдеге лайық деп танылған конкурсант – күзде өтетін республикалық жарысқа жолдама алады.

 

 

Бакыт Садуакасов.