МТРА жаңалықтары

80 жылға жуық тарихы бар жәдігер

Александр Брюхов, ҰОС ардагері Петр Ивановичтің күйеу баласы

– 80 жылдары балаларымды түсіріп, суреттерін шығарып та бергенмін. Қазір бұған ешкім суретке түсіп қиналмайды, түрлі дамыған технологиялар бар. Ал, бұл біздің отбасымыз үшін ең құнды дүние. Марқұм атам аппаратты маған 1980 жылы көрсетіп, қалай пайдаланатынын үйретті. 1986 жылы ол кісі дүние салғасын, мұрагерлік бойынша менің жұбайым Татьяна Радионоваға қалды.

80 жылға жуық тарихы бар аппарат әлі күнге жұмыс жасайтын көрінеді. Бар болғаны табақшасын жарыққа қаратып, тетігін басу керек. Тек, суретті шығару қиынға соғады. Ал, Елена Ионова болса атасы өмірден өткенде небәрі екі жаста болған екен. Десе де, анасы мен әжесінің арқасында көптеген естеліктер жадында.

Елена Ионова, ҰОС ардагері Петр Радионовтың немересі

– Мменің атам қызыл армия қатарында артиллерия барлаушысы болған. Сөйтіп, 1942-47 жылдары Берлин маңында тыңшылық жасады. Ол Ұлы Отан соғысының 3-ші дәрежелі медалінің иегері. 5 жыл бойы Германияда әскери қызметін атқарған ол, елге әр-түрлі олжалармен оралған екен. Соның бірі осы фотоаппарат.

Сирек кездесетін аппаратты қомақты соммаға сатып алғысы келетіндер де кездесіпті. Бірақ бұл отбасылық мұра. Ендігі қызым Еленаның балаларының еншісі дейді 70 жылдық жәдігердің бүгінгі иесі Александр Брюхов.

Акбопе Танирберген.