МТРА жаңалықтары

СҚО сайлаудың өту барысын 62 халықаралық байқаушы бақылады

Валерий Самокрутов, халықаралық байқаушы, Қорған облысы, РФ

– ҚР-сының Президентін сайлау күні тұрғындардың жүзінен жақсы көңіл-күйді байқадым. Біразы бала-шаға, немере-шөберелерін ертіп, мерекеге келгендей болды. Сайлау учаскесіне жасы 100-ге таяған қазыналы қариялар көп келді. Ешкім мәжбүрлі түрде дауыс берген жоқ. Әркім баласы мен өзінің болашағы үшін таңдау жасап жатқындығын жете түсініп жатты. Біз болған кейбір аумақтық учаскелерде жергілікті халықтың 99,5 пайызы түске дейін дауыс беріп үлгерді.

Еліміз бойынша дауыс беру құқығына ие 9 млн. астам сайлаушының 95,11% пайызы өз таңдауын жасады. Оның ішінде маңызды шараға солтүстік өңірден тұрғындардың 97,73 %-ы қатысып, жалпыреспубликалық көрсеткіш бойынша 4-ші орынан көрінді.

Боранбай Бижігітов халықаралық байқаушы, РФ

– 5 участікте. нақтырақ айтсам, Қазақ театрында, перхзентханада, Мир көшесіндегі колледжде байқаушы болдым. Кейбір аудандарда тұрғындардың 99 пайызы өз таңдауын жасаса, енді бірінде дауыс берудің көрсеткіші ең кемі 87 пайыз болды. Түстен кейін жаңбыр жауса да, халықтың сайлауға қатынасуы өте жақсы болды. Әсіресе, сағат 12 мен 5-тің аралығында адамдардың нөпірі жақсы байқалды.

Осылайша, жылдың басты жаңалығы саналатын тарихи маңызды сәтте халықтың 97,5 % дауысын жинап, Н.Ә.Назарбаев осымен 5-ші рет ҚР-ның Президенті болып сайланды.

Анатолий Спицын, халықаралық байқаушы, РФ

– ҚР-сының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қарапайым халықтың үлкен сенімі мен қолдауына ие болып отырған салиқалы мемлекет басшыларының бірі. Бұл адам елдің мұң-мұқтажын басты орынға қойды. Ішкі-сыртқы саясаттың тізгінін тең ұстайды. Халықаралық сахнада абырой, беделі асқақ тұлға. Әлемдегі экологиялық, экономикалық ситуацияларға, елдер арасындағы қатығыстар мен дүмпулерге сезімталдықпен қарайды. Адамзаттың өміріне, тұрмысына қауіп төнгізетінде асығыстық шешімдер қабылдамайды. Елді тек позитивті ойларға жетелеп, талай рет дағдарыстан алып шықты. Сонысымен ол тарих беттерінде дара, қайталанбас тұлға болып қала бермек.

Игорь Халин, халықаралық байқаушы, Түмен облысы,РФ

 

– Саяси, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда Қазақстан мен Ресейдің даму векторлары ұқсас, бірыңғай деп те айтсам болады. Қазақ елі тарих сахнасында тоталитарлық, ұжымдастыру кезеңдері сынды қанша қиын нәубеттерді бастан кешірсе де, аяқтан нық тұрып, әлемге егеменді, дамушы ел ретінде танылды. Соңғы жылдары үлкен серпіліс жасап, 21-ғасырда заманауи мемлекетке айналды. Тәуелсіз елдеріңізде адамның сөз босатандығына ерік беру, дінге, ұлтқа бөлінбеушілік деген ұстанымдар жоғары орынға қойылады. Бұның бәрі, әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген, елеп-екшеген салмақты саясатының нәтижесі.

Саяси науқанды сырттай бақылаған 37 елдің өкілі Қазақ еліндегі ауызбіршілік пен татулықыққа тағы бір көз жеткізіп, біздің егеменді елмен серіктес болуға ниетті екендіктерін шын пейілмен білдірді.

Берик Касен.