МТРА жаңалықтары

Қызылжарда сайлау қорытындысына орай ойын-сауық шоу бағдарламасы ұйымдастырылды

Сахнада дарынды жастар фаер-шоу бағдарламасын ұсынып, танымал жұлдыздар ән салып, өнерлерін көрсетті. Бұл ел болашағы үшін таңдау жасаған әр азамат үшін айрықша мереке.

Данияр Уәлиев, №16 орталау мектебінің директоры

–  Бүгін Қазақстан халқы үшін өте бір тарихи күн. Себебі Қазақстан халқы бір ел болып, бір халық болып сайлауға қатысты. Бүгін біз Қазақстанның болашағына, тұрақтылығана, дауыс бердік.

Бағдарламаның екінші сағатында автошеру ұйымдастырылды. Жауын-шашынға қарамастан “Солтүстік жұлдызы” саябағына бірінен соң бірі ағылып жатқан көліктердің санында шек болған жоқ. Күндіз өз таңдауын жасаған жүргізушілердің дені осында жүр. Автошеруге жиналған темір тұлпарларға еліміздің желбіреген көк туы мен “Мәңгілік ел” жазуы бар жалаушалар ілінді. Бұл бүгінгі ұрпақтың ел болашағын айқындайтын науқанға бей-жай қарамайтындығын білдірсе керек.

Мұса Танақұлов – “СҚО жастар мәслихаты” ЖҚБ төрағасы

– Бүгінгі акциямыз – еліміздегі маңызды науқан сайлауға орай ұйымдастырылып отыр. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан саяси науқанға деген өзінің көзқарасын білдіруге келген көлік иелері аз емес.

Көп ұзамай “Солтүстік жұлдызы” саябағынан автокөліктер легі Петропавл қаласының басты көшелеріне қарай бет алды.

Жалпы саны 50-ден аса темір тұлпар Жамбыл, Евней Бөкетов, Мұхтар Әуезов көшелерімен жүріп өтіп, соңында Тәуелсіздік алаңына жетті. Автошеру қатысушылары басты алаңға тұрақтаған шақта, келесі бетте елімізде сайлаудың аяқталғанына орай мерекелік бағдарлама өтіп жатқан еді. Акциядан автоклуб мүшелері де шет қалмады.

Александр Градволь – “4/4” автоклубының ұйымдастырушысы

– Бізге алдын-ала Президент сайлауы күніне орай көліктер шеруі өтетіндігі туралы айтылды. Саяси маңызды науқаннан біздің клуб мүшелері де шет қалмай, қатысуға бел буды.

Одан соң, автошеру қатысушылары мереке өтіп жатқан сахнаға көтеріліп, еліміздің көк байрағын асқақтатты.

Абылай Кәрімов, СҚМУдың студенті

– Мен бүгін алғаш рет дауыс беріп, сайлауға қатыстым. Менің ойымша, бұл іс-шара өте пайдалы. 00:24 Әр адамның дауысы өте маңызды. Әр адам дауыс берсе ол үлкен күшке ие болмақ.


Мұндағы қалың жұртшылықтың асыға күтіп жүргені біреу. Ол – облыс бойынша бюллетендердің саналып, сайлау қорытындысының жариялануы.

– Бізге «EXIT POLL» әлеуметтік сауалнамасы бойынша анықталған сайлаудың алдын-ала қорытындысы келіп жетті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 97.5 пайыз дауыс жиналған.

Бүгінгі мейрам өзге мерекелерден ерек. Алдын-ала жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы көрсеткендей, солтүстікқазақстандың сайлаушылар ерекше белсенділік танытқан. Оның ішінде жастардың үлесі зор.

Ерлік Мұхамеджанов, СҚО бойынша Қазақстан-2050 жалпыұлттық қозғалысының үйлестірушісі

– Бүгін жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен сайлаудың аяқталуына байланысты арнайы шоу бағдарлама ұйымдастырып жатырмыз. 00:36 Соңғы мәліметтерге сенсек, біздің Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысы елбасына ең көп дауыс берген облыстардың қатарында. Біз оған өте қуаныштымыз. 00:16 Мен өз дауысымдлы елбасыға бердім себебі, біздің болашағымызды жастардың болашағын, елдің болашағын өзіміздің елбасымен байланыстырамыз.

“Біз – қуатты Қазақстан үшін” ойын-сауық шоу бағдарламасы түнгі 1:00-ге дейін жалғасты.

Акбопе Танирберген.