Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир басталды

Дастан Қабденов – Облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері

– Бүгін Қызылжар қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Жеңістің 70 жылдығына арналған турнир өткізіліп жатыр Барлық спортшылар өте мықты дайындалыпты. Жалпы бокс біздің өңірде жақсы дамып келе жатыр.

Бірінші болып рингке Ақтөбе облысының тумасы Ерболат Қайратов пен ақмолалық Николай Долинин шықты. Екі спортшының да аяқ алысы жаман емес. Дегенмен, бұл жолы жеңіс 14 жасар Николайға бұйырды. Келесі ойын тіптен тартысты өтті. Себебі шаршы алаңға жерлесіміз Жандос Опабеков пен Ақмола облысының спортшысы Бекзат Мағжан шықты. Солтүстікқазақстандық жанкүйерлер Жандосқа барынша қолдау көрсетуде. Алайда спортшымыз қанша тырысқанымен, қарсыласы дес берер емес. Сөйтіп, бұл ойында де жеңісті көрші өңірдің боксшысы қанжығасына басты.

Бірінші санатты боксшы шаршы алаңға 30 рет шығып, оның 20-сын таза жеңіспен аяқтаған. Бүгін де ол өзінің мықтылардың қатарынан екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бекзат Мағжан – турнирге қатысушы, Ақмола облысы

 

– Мен бокспен 8 жасымнан айналысамын.Осы боксқа келген себебім Бекзат Саттарханов ағамызға еліктепе, олимпиада чемпионы болғым келеді. Бүгінгі бой да өте қиын болды.Ертеңгі бойға да дайындалу керек.

Жеңістің 70 жылдығына арналған турнирге Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысының намысын арқалаған спортшылары қатысуда. 14 пен 15 жас шамасындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир 30 сәуірге дейін жалғасын таппақ.

Айгерім Ержанова.