МТРА жаңалықтары

Петропавлда Чернобыль апаты салдарынан қаза болған азаматтарды еске алды

Арғын Жұмабеков – Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы

– 26 сәуір чернобыль жарылды. Біз 27 күні сонда шықтық. Жұмысымыз Чернобыльды 30 шақырым қоршап, ішінде тұрған кісілерді басқа жерге көшіру болды. Сосын олардың қалған дүниелерін күзетіп тұрдық.

1986 жылы апат орын алғанда Арғын Жұмабеков Украинаның Львов қаласындағы №3238 әскери бөлімшесінің 19 жасар солдаты еді. Аталмыш бөлімшеде өз әскери борышын өтеп жүрген 1000 адамның ішінде 45-і солтүстікқазақстандық азаматтар болатын. Апат зардабының кең таралуына тосқауыл болған жерлестерімнің 3-4-еуі ғана қалды. Көбі радиацияның кесірінен қаза болды. Бұл біз үшін орны толмас қайғы-, дейді Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы.

Арғын Жұмабеков – Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы

– Балаларымыз бар. Денсаулықтары нашарлау. Енді осындай Чернобыль болмасын деп тілейміз.

Опат болған жерлестерімізді еске алу шарасына келген жастардың да қарасы қалың болды. Жарылыс салдары – ауыр, оның жүректерге салған жарасы жазылған жоқ. Сондықтан АЭС-тегі жарылыс салдарынан қаза болғандарға және денсаулығын жоғалтқандарға құрмет көрсету барша адамзат баласының міндеті дейді өскелең ұрпақ.

Айгерім Ержанова.