Билік

Елбасының сайлаудағы жеңісін теріскей халқы тойлады

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Кешегі өткен кезектен тыс Президент сайлауында, біздің кандидатымыз, Н.Назарбаев тағы да айқын жеңіске жетті. Ұлы жеңіс құтты болсын. Бұл тұрақтылық пен татулықтың, келешекке деген сенімнің жеңісі. Тәуелсіздікті ту еткен барша қазақстандықтардың жеңісі – баршамыздың ортақ жеңісіміз.

Алдыңғы шепте ел сенген, Елбасы сенім артқан жастар мен мемлекетіміздің қалыптасуына зор үлес қосқан аға буын өкілдері жайғасқан. Олардың барлығы кешегі күнгі саяси додада «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» өз дауыстарын еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевқа берген. Бұл түсінікті де. Өйткені олар мемлекетіміздің кемел келешегін тек Ұлт көшбасшысымен ғана байланыстырады.

Ұлжалғас Топбасы- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 1 курс студенті

– Кешегі сайлауда алғаш рет дауыс бердім. Мен Елбасын қолдаймын. Жалпы бүгіндері еліміз дамып, көркейіп келеді. Бұл қуанышты әрине.

Алаңға жиылғандардың барлығы Елбасыға, ел болашағына, өз болашақтарына сеніммен қараған жандар. Кезекті жеңісті ту еткен олар жүздері нұрға бөленіп, «Жасасын Қазақ елі!», «Алға, Қазақстан!» деп ұрандатуда.

Мағжан Ахмадина- тілші

– Елбасы Н.Назарбаевқа деген халықтың ыстық ықыласы мен құрметін бүгінгі жиыннан-ақ байқауға болады. Сайлаудың қортындысы шыққанан бастап-ақ солтүстікқазақстандықтар ерекше шаттық, қуанышпен ұлт көшбасшысының саяси додадағы жеңісін тойлауда.

Ел тұрғындары бұл жолы да татулықтың берік үлгісін танытып, өз таңдауларын жасады. Саяси шара үлкен ұйымшылдықпен атқарылды. Бірлігі бар ел озады демекші бүгінгі жиынға қатысқан аға буын өкілдері мұның барлығы егемендігіміздің арқасы деп отыр.

Құдайберген Қалиев- СҚО құрметті азаматы, еңбек ардагері

– Мұның барлығы, менің ойымша, тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің арқасында деп ойлаймын. Сондықтан тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын. Шаңырағы шайқалмасын, керегесі кең болсын. Халқымыздың көрер қызығы көп болсын.

Бүкіл қазақстандықтар үшін елдіктің сынындай болған кезектен тыс президент сайлауында Ұлт көшбасшысы ел тұрғындарының 97 пайыздан астамының дауысына ие болды. Саяси додада сорлтүстікқазақстандықтар ерекше белсенділік танытты. Аймақ тұрғындарының 98,33 пайызы өз таңдауын мемлекет басшысына берген.

Рашид Надиров- «Барбанг» күрттер этно-мәдени орталығының төрағасы:Біз өте қуанытымыз. Елбасын

– Президент ретінде таңдап алдық. Бұл біздің болашағамыздың кепілі.

Астықты өлке теріскей шаруалары Президентіміздің қолдауын әсіресе, айқын сезінеді. Сондықтан Елбасын сайлауда қолдау арқылы біз ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ат салыстық дейді өңір диқандары.

Еркебұлан Мамбетов- «Мамбетов и К» КС бас директоры

 

– Қазақстан тәуелсіздік алғанан бастап ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінуде.

Жеңістің туын желбіреткен шара өңіріміздің өнер ұжымларының ән-шашуына ұласты.

Магжан Ахмадина.