МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар бейбітшілік пен тұрақтылыққа дауыс берді

Есләмбек Бекмурзин, 20-шы ықшам ауданының тұрғыны

– Немере-жиендерімізді көрсін-білсін деп осында ертіп әкелдім. Еліміздің болашағы солардың қолында ғой. Еліме, халқыма жарқын болашақ тілеймін. Бүгін сайлап алған еліміздің азаматы халықтың үмітін ақтайды ғой деп сенемін.

Лира Бекмурзина, 20-шы ықшам ауданының тұрғыны

– Бүгінгі түні шынымды айтсам, қобалжып дұрыс ұйықтай алмадым. Мен үшін сондай бір қуанышты күн. Жан-жаққа қарап отырсам, барлық халықтың жүзі жарқын, қуанышты. Мен де соларға қарап көңіл-күйім көтеріңкі болып жүр.

Солтүстікқазақстандықтар болашағымыз айқын, таңдауымыз дұрыс дейді. Әсіресе, жастар ертеңге сеніммен қарайды. Оларда бүгін аға буын өкілдерінен үлгі алып, дауыс беру бекетіне өз еркімен келді.

Рустам Айғожин

– Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды болғандықтан өз мекен-жайым бойынша дауыс беруге келдім. Қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері талай жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Болашақта Қазақ елі әлем сахналарында жарқырай берсін. Жастарымызға әрдайым жол ашық болсын!

Анар Валеева

–  ҚР-ның болашағы жастардың қолында. Мен осы жауапкершілікті сезініп, ел үшін маңызы зор науқанға қатысуға келіп тұрмын. Болашақта еліміз гүлдеп, халықтар арасында бірлі пен тірлік болса днеймін. Осы сайлау учаскесіне ата-анаммен және Жансары, Нұралы деген екі ініммен келдім.

Людмила Громова

– Мен үшін бүгін қуанышты күн. Мен тыныштық, бейбітшілік үшін дауысымды беремін. Таңдаған кандидатым келешекте елдегі мызғымас татулықты сақтауға себепші болады деген үміттемін. Бастысы, елімізде тыныштық болсын! Сонда бәрі де жақсы болады.

Бұл күні сайлау туралы заңнаманың бұзылмауын, сайлаушылардың іс-әрекеті мен учаскелік сайлау комиссиясының жұмысын ТМД-ның атынан тағайындалған тәуелсіз сарапшылар бақылап отыр. Халықаралық байқаушы -Анатлолий Спицын Ресей Федерациясынан келген. Мейман сайлаушылардың дауыс беру белсенділігіне жоғары бағасын берді.

Анатолий Спицын, халықаралық байқаушы, РФ

– Таң атпай дауыс беру бекетіне ардагерлер бірінші келді. Олар менімен амандасып, мерекеңізбен деп құттықтап жатыр. Сіздің қалаңызда саяси науқанға учаскелік сайлау комиссия мүшелері жақсы тыңғылықты дайындалған. Адамдар кезек күтіп тұрған жоқ. Жалпы сіздердің елдеріңізде адамдардың мемлекет алдындағы жауапкершілігі жоғары. Қазақстан қазір дамудың даңғыл жолына түсті. Мен қазақстандықтар мемлекетті алға жетелейтін азаматты таңдайды деген үміттемін.

Ал, мынау №687 -ші дауыс беру бекеті. Мұнда да адамдар таң атқалы ағылып жатыр.

Наждежда Варламова, №687 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы

– № 687 сайлау учаскесінде 2400 сайлаушы тіркелді. Таңғы сағат 6-дан 11-ге дейін 700 адам өз таңдауын жасады. Адамдар ҚР-ның Президентін сайлау ел үшін маңызды саяси науқан екенін жете түсінеді. Көбі елдегі тұрақтылық, келісім мен бейбітшілік үшін дауыстарын беріп жатыр.

Жалпы 20-ықшам аудандағы 9-шы орта мектеп қабырғасында құрылған № 687-ші және №688 сайлау учаскелерінде сағат 11-00-ге дейін мыңнан астам петропавлдық өз таңдауын жасады.

 

Берик Касен.