Аптадағы маңызды жаңалықтар

№644 сайлау учаскесінде тұрғындар белсенді түрде дауыс беруде

Татьяна Жаркова – студент

– Бүгін сайлауға қатысу үшін арнайы ерте тұрдым. Бұл менің – азаматтық борышым. Елімнің жарқын келешегі дауыс беріп, шамалы болсын өз үлесімді қостым деп есептеймін.

№644-ші сайлау учаскесінде алғашқылардың қатарында облыс әкімі Ерік Сұлтанов дауыс берді. Өңір жетекшісі бүгін елдің ертеңі үшін таңдау жасалып жатқанын атап өтті. Яғни, ертеңгі экономиканың дамуы мен саясаттың бағыты осы науқанға тікелей байланысты. Сол себепті, осы күні сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру – барлық қазақстандықтар үшін жауапты іс болуы керек деді аймақ басшысы.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Мен бүгін сайлау учаскелеріне ағылып келіп жатқан халықты көріп отырмын. Солтүстікқазақстандықтар бұған дейінгі сайлауларда әрқашан белсенділік танытып, қатысу жағынан өте жоғары көрсеткіштер көрсеткен. Осы сайлауда да тұрғындарымыз барынша ұйымдасқан трүде сайлауға қатысып, ел үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын.

Лаптевтер отбасы Петропавлда 73-ші жылдан бері тұрады. Отасқандарына 42 жыл болыпты. Көңіл-күйлері жақсы көренеді. Күлім қағып, бізге сұхбат беруге бірден келісті. Елде бейбітшілік бар. Ұлттардың татулығы бізді қатты қуантады. Мемлекет дамып келе жатыр. Соны бағалау керек дейді ерлі-зайыптылар.

Владимир Лаптев – зейнеткер

– Біз тыныштық пен тұрақтылықта өмір сүріп жатырмыз. Міне, бәріміз бір адамдай өз таңдауымызды жасаудамыз. Бұдан ешкім де қалыс қалмауы қажет. Дауыс беру – азаматтыз парыз.

Данаш Хамзина – тілші

– №644 сайлау учаскесінде қазіргі уақытта адамдар белсенді түрде дауыс беруде. Негізінде, мұнда барлығы 1150 сайлаушы тіркелген екен. Екі сағаттың ішінде соның 25 пайызы өз таңдауын жасады.

Сайлау учаскесі ереже бойынша сағат 6-да ашылып, жұмысын 7-де бастаған. Дәл сол уақытта бірден дауыс беру үшін 10 адам келген. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қанат Сәдуақас, біреуі, тіпті, ұлттық киімде келді дейді. Яғни, бұл қазақстандықтардың Мемлекет басшысын таңдауға – ел тарихында елеулі оқиға ретінде қабылдап, жауапкершілікпен қарайтынын білдірсе керек.

Қанат Сәдуақас – №644 сайлау комиссиясының төрағасы

– Жалпы, сайлау жақсы өтіп жатыр. Жанұяларымен келіп жатқан кісілер бар. Бүгін бірінші рет дауыс беріп жатқан адамдарға біздің сайлау комиссиясының атынан сыйлықтар тапсырылды. Бүгін 80 жасқа толған бір апамыздың туған күні екен. Ол кісіге де сыйлық тапсырылды.

Мұндағы сайлау барысын бақылап байқаушылар да отыр. Олар сайлау учаскесінде жұмыстың жақсы ұйымдастырылғанын және халықтың белсенді түрде ат салысып жатқанын атап өтті.

Әлия Башеева – ҚР-нда сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның СҚО бойынша байқаушысы

– Әзірге, ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ. Барлығы да ұйымдасқан түрде жүзеге асуда. Сайлауға бірінші рет байқаушы ретінде қатысып отырмын. Адамдар науқанға белсенді қатысып жатыр.

Қазақстанның байлығы – оның халқы екені белгілі. Бірлігі жарасқан көп этносты жұрты – елдің көркі. Сол береке-бірлікті бүгінгі сайлаудан көруге болады. Түрлі ұлт өкілдері, ал ең бастысы – олар Қазақстанның азаматтары, Мемлекеттің басшысын таңдауда өз қалауын білдірді.

– Бауыржан Әлібеков – зейнеткер /қаз/ “Халықтың өмірінде үлкен, маңызды, жолдар бар. Ол, мысалы, халықтардың бірлігі, достығы, бірнеше есеге еліміздің әлеуметтілігі деңгейі өсті. Халықтың бірлік-ынтымағы нығайып, бекіді. Еліміздің ішкі-сыртқы саясаты тұғырынды болды. Біз қуаныштамыз. Осы қуаныш қуанышқа жалғаса берсін.

–  Шамсулла Хайбуллоев – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі /ауд/ “Мен – кәсіпкермін. Қазақстанға 96-шы Тәжікстаннан жылы көшіп келді. Ал, 2007-де азаматтығын қабылдадым. Сол себепті, мемлекеттің келешігінің қандай болатынына мен немқұрайлық таныта алмаймын. Әрбір азамат сайлауға міндетті түрде қатысуы қажет деп есептеймін.

Петропавлда барлығы 89 сайлау учаскесі құрылған. Соның 10-ы жабық күйде жұмыс істеуде.

 

Данаш Хамзина.