МТРА жаңалықтары

№635 сайлау учаскесінде сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді

Дауыс беру науқанының аяқталуына 1 сағат қалды. Адамдар саябырсыған. Комиссия мүшелерінің алдында бюллетень алуға күндізгідей кезек жоқ. Негізінде, сайлаушылар белсенділік танытқан уақыт таңғы сағат 9.00. бен 11.00. аралығы болыпты. Тұрғындар отбасыларымен, 5 айлық сәбиін көтеріп те, қасына 3 баласын да ертіп келген. Тіпті, 63-тегі бір апай таңғы сағат 5-те комиссия мүшелерінің өзін күтіп алса, учаске жұмысын бастаған сәтте бірінші рет дауыс беруге 18-дегі жігіт келген. Сондай-ақ, учаскеде өз таңдауын жасағандардың арасында жасы ең үлкен азамат – 23-ші жылғы қария да бар.
Сайлау барысын бақылаған байқаушылардың мәлімдеуінше, барлығы да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Күні бойы ешқандай заңбұзышылық тіркелкен жоқ дейді.

Әсел Сапарғали – ҚР-нда сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның СҚО бойынша байқаушысы

– Осында таң атқаннан бері жұмыс істеудемін. Мұнда сайлау барысы әділ әрі мөлдір өтті. Ешқандай кемшілік тіркелген жоқ. Тұрғындар бүгін аса бір ұйымшылдық танытты.

№635 сайлау учаскесінде барлығы 1158 адам тіркелген екен. Бүгін соның 70 пайызға жуығы дауыс беруге қатысты. 795-ші сайлаушы болып жеке кәсіпкер Жанат Мекетов келді.

Жанат Мекетов – жеке кәсіпкер

– Жұмыстан шыққан бетім. Кеш болса да өз таңдауымды жасайын дедім. Өйткені, бұл менің – азаматтық борышым.

Сонымен, межеленген уақыт та жетті. Дауыс беру барысы аяқталды. Комиссия есікті іштен тарс жауып алып, бюллетеньді санауға кірісіп кетті.

 

Данаш Хамзина.