Балалар

Жастар соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштерді тазартты

Алина Краснова – №5-ші орта мектебінің оқушысы.

-Сұм соғыста қаза тапқан сарбаздар қаншама. Оларға тағзым ету біздің парызымыз деп есептеймін.

Бейбіт заман сыйлаған жауынгерлердің құрметіне орнатылған еркеткішті тазартуда колледж студенттері де белсенділік танытып жатыр. Сондай еріктінің бірі Алена Фадеева. Медициналық колледждің студенті кейінгі толқын өкілдері отанын қорғап жүріп қаза болған аталарымызды ешқашан ұмытпай, рухтарына тағзым етуі қажет, – дейді.

Алена Фадеева – медициналық колледж студенті.

-Шараға медициналық колледжден бірнеше студент келіп отыр. Білуімше, бұл жерде соғыс жылдары госпитальде марқұм болған сарбаздар жерленген.

Осы күні мектеп оқушылары мен орта оқу орнының студенттері шахардағы 7 ескерткіш пен 2 моланы қалыпқа келтірді.

Айжан Мұқашева – Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімінің жастар саясаты жөніндегі бас маманы.

-Тазарту шарасына 100 ерікті қатысып, ескерткіштерді қалыпқа келтіруде. Мұндай сенбіліктер қаламыздағы өзге де қараусыз жатқан молалар мен бейіттерде жүргізілетін болады.

Тазалық акциясының соңында жас ұрпақ марқұм болған жауынгерлерге тағзым ретінде гүл шоғын қойып, шырақ жақты.

 

 

Бакыт Садуакасов.