Без категории

Ұмытылмас ерлік – өшпес даңқ

Қабдол Жолаушынов -ҰОС ардагері.

-Мен 7-ші сыныпта елді басқардым. Бригадир болдым Содан кейін соғыстың аяқ кезінде 45-ші жылдың февральнда кірістім. 03:22-03:42 Кенингсберг қаласын босаттық.

Майдангер қария соғыстан кейін елге оралып, 40 жыл бойы білім саласында қалтқысыз еңбек етеді. Қызметі ескерусіз қалған емес. Балаларға білім мен тәрбие беруге зор үлес қосқаны үшін «Қаз ССР ағарту саласындағы үздігі» белгісімен, Қазақ КСР халық ағарту Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бүгінде бақытты қария 8 баланың әкесі атанып, 17 немереден 21 шөбере сүйіп отыр. Жолаушыновтар отбасы биыл екі қуанышты қатар атап өтпек. Жеңістің 70 жылдығымен қатар, биыл Қабдол ата 90 жасқа келеді.

Ләззат Жолаушынова – Қабдол Жолаушыновтың қызы.

 

-Иә 70 жылдығы мен 90-ға толуы бір келіп отыр. Енді бүкіл туған-туыстардың басын қосып, балаларды, немерелерді, шөберелерді, ағайынды шақырамыз, тойлаймыз.

Кеуделері орден-медальға, көкіректері шежіреге толы қарияның тілегі елдің амандығы, Тәуелсіздігіміздің нығая беруі.

Айгерім Ержанова.