Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО елді-мекендерді су басқан жоқ

Асхат Бакишев, СҚО ТЖД ескерту бөлімінің бастығы.

-Осы күні Есіл өзенінің деңгейі 121 сантиметрге көтерілді. Егер ол тағы бір жарым метрге көтерілсе өзенге жақын орналасқан елді-мекендерге қауіп төнуі мүкмкін. Бірақ біз алдағы 3-4 күннің ішінде қауіптің беті қайтып, жағдай тұрақталады деген ойдамыз.

Алдағы аптада Уалиханов ауданына қарасты Қулыкөл мен Қаратал ауылдарының арасын жалғайтын жолды су шайып кеткен. Қазір ол жерде 10 адам 5 бірлік техниканың көмегімен тас жолды қалыпқа келтіріп жатыр.

Асхат Бакишев, СҚО ТЖД ескерту бөлімінің бастығы.

-Бүгін Шал ақын мен Тайынша аудандарындағы кейбір жол учаскелерін су шайды. Атап айтсақ, жолды су басу фактілері Тайынша ауданындағы Бірлік ауылындағы тас жолда, Тайынша-Заречный бағытындағы жолда және Шал ақын ауданындағы Белоградовка селосына баратын жолда орын алды. Десе де ондағы жағдай көліктердің қатынауына еш кедергісін келтіріп жатқан жоқ. Қазір бұл учаскелерде құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік құруда.

Сондай-ақ, өңірдегі Сілеті, Шарық су қоймаларындағы жағдай облыс басшылығы мен ҚР ІІ Минитрлігінің жіті бақылауында.


 

Берик Касен.