МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы спорт сарайының құрылысы күзде аяқталады деп күтілуде

Бұл – биіктігі 14 метр, жалпы аумағы 11 200 шаршы метрді құрайтын сарайдың екінші қабатынан қарағандағы көрініс. Мұнда жеңіл атлетикалық манеж бен әкімшілік корпустар орналасады. Қазір “Вилена” ЖШС-ің жұмысшылары қызу еңбектенуде. Құрылыс алаңына 45 жұмысшы тартылған. Компаниядағылардың айтуынша, қажетті материалдардың кейбірі ғана Ресейден жеткізілсе, қалғаны жергілікті өнім. Яғни құрылысқа кепілдендірілген сапалы құрылымдар пайдаланылып жатыр екен.

Валерий Евдокименко, Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі.

-Мына мұз айдыны орналасатын спорт сарайының құрылысы осы жылдың күзінде аяқталмақ. Бұл ғимараттың ерекшелігі – оның әмбебаптығында. 1000 адамға шақталған жабық спорт залда жеңіл атлетикаға арналған 200 мертлік жүгірме жол мен 22 де 42 көлеміндегі футбол және баскетбол алаңдары болады. Сонымен қатар, мұнда конькимен жүгіруге және де шайбалы хоккей ойнау мүмкіндігі жасалады.

Ал мынау сарайдың сыртынан қарағандағы көрінісі. Нысанның іргелері бетонмен бекітіліп, қабырғасы арнайы панельмен қапталған. Қазір терезелері орнатылып жатыр. “Вилена” ЖШС құрылысшылары осы уақытқа дейін Астана, Алматы қалаларына қарасты бірнеше ғимаратты көтеруге ат салысқан. Сондықтан, 12 айда салынып бітуі тиіс спорт сарайының құрылысын жоспарлы уақытында аяқтаймыз дейді.

Азамат Анафин, учаске жетекшісі, “Вилена” ЖШС қызметкері, Астана қаласы.

-Қазір еденге бетон құю жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Желдеткіш құрылғылары мен терезелер орнатылуда. Мамырда ішін әр спорт түріне байланысты залдарға бөлеміз. Бәрі жоспар бойынша жүруде. Белгіленген уақытта құрылысты аяқтаймыз. Бұл кезеңге 1 млрд. 200 мың теңге жұмсалды. Жалпы объектіні салу үшін 2 млрд 200 милион теңге бөлінген.

Спорт сарайының құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

 

Акбопе Танирберген.