Мәдениет

Петропавлда мәскеулік әншілер “Опера енд джаз” концертін қойды

Қос талант сахна шымылдығын “Гүлдер” дуэтімен ашып, Әлемде 6000-нан астам нұсқасы бар бесік жырын ағылшын тілінде орындады. Одан кейінгі кезекте “Әлем сиқыршысы” мультфиліміне жазылған мюзикль “Где-то над радугой” деп аталатын әнін әуелетті. Әлем елдеріне танылған бұл туындыны көрермендер ереше ықыласпен тыңдады.

Бұл – кең дауыстағы әншілердің Қазақстанға алғашқы сапары. Екеуі де Мәскеудегі “Большой и Маринский” театрының әншілері. Кеш барысында Ольга Годунова ағылшын тіліндегі джаз туындыларын, ал Екатерина Лехина опералық әндерін орындады.

Ольга Годунова, “Большой и Маринский” театрының әншісі, Мәскеу қаласы.

-Концерттің бағдарламасын қызық етіп әзірледік. Біз “Опера енд Джаз” деп аталған өз кешімізде джаз бен эстрадалық мюзикл және опера туындысын біріктіргіміз келді. Осымен әр жанрдың өз ерекшелігі барын көрсетпек болдық. Бұл бағдарламамен Сібірге, Байкалға бардық. Қазақстанға алғаш рет келуіміз. Жергілікті халық кешімізге келіп қолдау танытты. Рахмет.

Нәзік жандылар әдемі концерті арқылы солтүстікқазақстан жұршылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

-Людмила Василенко.

-Орындаулары керемет. Күткендегімдей болды. Оркестр өз алдына мықты. Жанымызбен, сүйсініп тыңдадық. Саханада барлық жанр түрінде орындалған әндер үйлесім тапты.

Василий Карпук.

-Тамаша концерт. Көңіл-күйімізді көтерді. Сондай әдемі сезімге, қуанышқа бөледі. Дауыстары керемет. Мынадай туындыларды аса қызғушылықпен тыңдап, қол соқтық. Тыңдай бергіміз келді.

Әншілер кеш бойы 3 тілде әлемге кеңінен танымал 20-ға жуық әнді орындады.

 

 

Акбопе Танирберген.