Көлік және жолдар

Отандық автоөндірушілерді қолдау үшін Ұлттық қордан 15 млрд. тг. бөлінді

Константин Степоненко, “Вивага-Лада” ЖШС автоорталығының менеджері.

-Ресейдегі рубль құлдырамай тұрғанда біздің ісіміз ойдағыдай жүріп тұрды. Адамдарға айына 70-80 көлік саттық. Көрші елдегі жағдайдан кейін ай сайынғы кіріс 3 есе төмендеп кетті. Сәуірдің 20-сы елімізде отандық автоөндірушілерді мемлекеттік қолдау бағдарламасы іске қосылды. Қазір соның аясында тұрғындарға 4 пайыздық жылдық мөлшерлемемен автонесие беріле бастайды. Соны естіген жұрт бізге келіп жатыр. Айналдырған 4 күннің ішінде біздің орталыққа 100 өтініш түсті. Осы күні оның 50-ден астамын Қазақстан даму банкі қабылдады.

Айта кеткен жөн, жеңілдетілген несиелер тек өз елімізде құрастырылған автокөліктерге ғана беріледі. Қарыз алушыға ұсынылатын несиенің мерзімі 5 жыл екенін ескеретін болсақ, бұл бағдарлама бір реттік емес, тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Марат Әубәкір, “Ресей жинақ банкі” АҚ ЕБФ директоры орынбасарының міндетін атқарушы.

-Қазақстанда құрасытырлатын 55-ке жуық автокөліктің түрі бар. Оның ішінде хюндай, киа, саненг, пижо, шевралье, шкода деген автокөлік маркаларын жеңілдетілген несиемен сатып алуға болады.

Қаржы саласының мамандары отандық автоөндірушілерді қолдауға бағытталған бағдарламаның несиелік шарттары мен талаптары өзгеше дейді.

Марат Әубәкір, “Ресей жинақ банкі” АҚ ЕБФ директоры орынбасарының міндетін атқарушы.

-Бағдарлама шартына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі 4 пайыздан. Жылдық тиімді мөлшерлемесі 7,5 пайыздан. Сатып алынатын 1 көліктің құны 5 млн. 600 мың теңгеден аспауы тиіс.

Нұржан Ергенов отандық автоөндірушілерді қолдайтын азаматтардың бірі. Оның таңдауы Қостанай қаласындағы зауытта құрастырылған хюндай елантра маркалі жеңіл көлігіне түскен.

Нұржан Ергенов, қала тұрғыны.

-Машинаның бағасы мен үстеме ақысы онша көп емес. Менің таңдауым хюндай елантра жеңіл көлігіне түсті. Оның нақты бағасы 3 млн. 110 мың тг. тұрады. Банк қызметкерлерімен кеңесіп, мен оған қосып төлейтін ақшаны салыстырып жатырмын. Көрші Ресей еліне бармас бұрын осында келдім. Нәтижесінде отанда құрастырылған көлікті сатып алу әлдеқайда тиімді. Жылдық номиналдық пайызы мен несиелеу мерзімі көп емес.

Қазақстанның даму банкі тұрғындардан түскен өтініштерді осы айдың аяғына дейін қарап, 2-ші деңгейлі банктер жеңілдетілген автониеселерді мамыр айының басынан бере бастауы мүмкін.

 

 

 

Берик Касен.