МТРА жаңалықтары

Жылу есептегіш құрылғыны орнату – заман талабы

Людмила Демидова – “Березка” ПИК төрайымы

– Біз баспана иелерімен ақылдаса келе, есептегіш құрылғысын орнатуды жөн деп шештік. Оған еш өкінбейміз. Құрылғыны компания өкілдері өздері қойып берді. Құны 550 мың теңге. Оның ақысын 3 бөлмелі пәтер иелері 800, 2 бөлмелілері 600 теңгеден, ал 1 бөлмелі пәтер тұрғындары – 400 теңгеден төлеп келеді.

Қазіргі таңда қаладағы көпқабатты баспаналарға 284 жылу есептеу құрылғысы орнатылыпты. Жыл соңына қарай 538 тұрғын үйді есептегішпен қамту көзделген. Жалпы аталған құралдың пайдасы молынан. Мәселен, жылу таратушы мекеме бұл құрылғының көмегімен істен шыққан учаскені анықтап, ақауды жойса, пәтер иелері шаршы метріне төлейтін ақыны қысқартып отыр, – дейді “Севказэнергосбыт” ЖШС-нің бас директоры Мағауия Сағандықов.

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры

– Сараптама кезінде анықталғандай, баспана тұрғындары нақты пайдаланған жылуға ғана төлейтін болып шықты. Мысалға, бүгінде петропавлдықтар бекітілген жалпықалалық тариф негізінде 1 адамға 87 тг 14 тиыннан төлеп келеді. Жаңашылдық енгізген тұтынушы тарап жылуға төлейтін бұл қаражатын үнемдеп отыр.

Жылу есептегіш құралын орнатуға тілек білдірген көпқабатты үй тұрғындары Жұмабаев көшесі, 66 мекен-жайындағы “Севказэнергосбыт” ЖШС-нің кеңсесіне өтініш беріп, келісімшартқа тұруларына болады.

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры

– Бүгінгі таңда жылу есептеу қондырғысын ел бойынша орнатуға республикалық қазынадан 6 млрд. теңге қаражат бөлінген. Соның ішінде біздің облысқа биыл 202 млн. теңге бағытталған. Қазірдің өзінде құралды қоюға өтініш білдіріп жатқан тұрғындардың саны артып келеді.

Серіктестіктергілер келер 2016 жылы тағы 234 баспананы жылу есептегіш қондырғымен қамтуды межелеуде.

 

Бакыт Садуакасов.