МТРА жаңалықтары

Таза еттен жасалған сапалы өнім

Антон Чеботура – «ЖНВ» ЖШС етті қайта өңдеу цехы меңгерушісінің орынбасары

– Біз шұжыққа арналған пісек, қазан, тұшпара жасайтын қондырғыларды сатып алдық. Әрине ресейлік жабдықтарды алдық. Сапасы жағынан жоғары. Қазір жұмысқа аздап қарқын қосылды.

Котлет, тартылған ет, сүрленген ет пен шұжықтың бірнеше түрі. Кәсіпорында негізінен тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Сондықтан, мұнда тұрып қалған ескі өнім жоқ. Шикізат болса, тікелей өнідіріс ошағының жеке фермасынан жеткізіледі. Міне, бүгін жаңа сойылған малдың етінен 12 келі тұшпара жапсырылуда. Негізі мұнда 11 адам тұрақты табыс көзін тапқан.

Ольга Яблонская – ЖНВ» ЖШС етті қайта өңдеу цехының жапсырушысы

 

– Маған өз жұмысым ұнайды. Ұжым жақсы. Тұшпараны қолмен жапсырамыз. Мұны ауыл тұрғындары сатып алады. Олардың айтуы бойынша өніміміз дәмді. Өйткені ондағы өткізілген етке ешқандай химиялық қоспалар араластырылмайды.

Қазір кәсіпорын өз өнімдерін маңайдағы елді-мекендерге саудалайды. Цехтың қуаттылығы айына 5-8 тоннаны құрайды. Жоспарда бұл көрсеткішті 60-қа дейін жеткізу. Серіктестіктегілердің айтуы бойынша алда атқарар жұмыс жетерлік. Мұндағылар енді жақында жаңа үлгідегі ыстау қондырғысын сатып алмақ.