МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстан өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметіне жаңа 5 көлік бөлінді

Асқар Тілеубаев, “СҚО өрт сөндіру” ММ бөлімшесінің аға инженері

– 2015 жылы бульдозер, қар тазалайтын, жол тазалайтын арнайы техникаларды қосқанда 7 жаңа көлік алдық. Ал осы жолы 2 Урал вахтовкасын, 1 тралл, 1 тіркеп сүйрейтін тартқыш көліктері әкелінді. Олар төтенше жағдайлар кезінде халықты көшіруге, суды бөгеуге, өрт сөндіруге арналған.

Мына 3 көлік халықты көшіру үшін пайдаланылады. Әрбірінде 30 адамды тасымалдауға болады. Бұдан бөлек өрт сөндіру құрылғысы және эксковатр әкелінген. Бұл техника дәл қазір сұранысқа ие. Ол көктемгі су тасқынының алдын алып, өзен арналарын бөгеу үшін қажет. СҚО өрт сөндіру мемелекеттік мекемесінің қызметкерлеріне аталған технакалардың кілтін облыс әкімінің орынбасары арнайы келіп табыстады.

Владимир Бубенко, СҚО әкімінің орынбасары

 

– Біз бұған дейін су тасқыны туралы хабарландырулар жасаған болатынбыз. Жаңа технака екі бағыттағы жұмыстарға жұмылдырылады. Бірі, Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуін болдырмауға, ал екіншісі Уәлиханов ауданында су басу қауіпі бар екі елді-мекен тұрғындарын көшіруге жөнелтіледі.

Су жаңа құтқару көліктерін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті бөліп отыр.

Акбопе Танирберген.