Құқық қорғау органдары

Ішкі істер органына қарасты психологтар қызметіне 7 жыл

Қанат Дарбаев – Қалалық ішкі істер басқармасы жол патрулдік полиция батальонының инспекторы

– Мұндай семинар-тренингтер біз секілді жас тәртіп сақшылары үшін қажет-ақ. Сол себептен өзім бір де бір рет қалдырмай, қатысып тұрамын.

Погон таққан психологтар осы сынды жаттығулардың арқасында – қызметке жаңадан қосылған тәртіп сақшылары ұжыммен тез тіл табысып, өзін тұлға ретінде көрсете алады, – деп отыр.

Ләззат Мұрталимова – Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының инспектор-психологы

 

– Жалпы жыл басынан психологтар қызметінің мамандары 20 семинар өткізді. Нәтижесіз деп айта алмаймын. Өздеріне мол ақпарат алды деп есептеймін.

Жалпы мұндай кездесулерде психолог мамандар жас сақшыларға қызметтік бабына тез бейімделу, күйзелістерден құтылу жолдарын көрсетіп, бағыт-бағдар береді. Жыл басынан олар осыған ұқсас 20 тренинг өткізген.

Бақыт Сәдуақасов.