МТРА жаңалықтары

Президент сайлауының өтуін бақылайтын қадағалаушылар әзір

Сергей Худяков – сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның СҚОФ төрағасы


– Қадағалаушылар арнайы оқудан өтіп, ауқымды дайындық шаралары жүргізілді. Оларға арнайы куәліктер беріліп, күнтізбелер таратылды. Жалпы қадағалаушыларға қажетті керек құжаттар берілді. Заң түсіндірілді. Сайлау күні не істеу қажеттігі, міндеті мен құқығы айтылды.

Қазір барлық дайындық шаралары артта қалды. Енді бақылаушылар тек 26 сәуір күні сайлау участоктарына өзгелерден бұрын келіп, барлығының талапқа сай екендігін тексерулері керек. Олар саяси маңызы бар науқанда орын алған заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, оның алдын-алу жұмыстарымен де айналысатын болады.

 

Магжан Ахмадина.