Білім

Педагогтардың кәсіби құзіретілігін дамыту

Мархаба Қуантаева, “Өрлеу” БАҰО” АҚФ СҚО ПК БАИ директорының орынбасары

– Қойған сұрақтарына қарағанда ол елде де білім беру жүйесінде бізге ұқсас мәселелер кездеседі. Біз соларды олармен бірлесіп қарастырудамыз.

Онлайн тәртіптегі дөңгелек үстелге Украина тарапынан 20 шақты білім беру ұйымының өкілдері мен Солтүстік өңірінен сонша мектеп ұстазы ортақтасты. Жиында оқыту үдерісіндегі негізгі 3 мәселе қаралды.

Мархаба Қуантаева, “Өрлеу” БАҰО” АҚФ СҚО ПК БАИ директорының орынбасары

– Бірінші сұрақ, педагогтің өзіндік кәсіби дамуын курстан кейінгі қолдау жүйесі. Екінші, біліктілікті арттыру жүйесінде сандық білім беру ресурсын қолдану. 3-ші, курстық даярлау тыңдаушыларының өзгермелі сұраныстарына жедел көңіл аудару.

Бұдан былай екі елдің ұстаздары білім беру ісіндегі жетістіктер жайлы өзгерістерді қашықтықтан байланысу арқылы біліп отыратын болады. Бұндай тәжірибе алмасудың тың түрі – жергілікті педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты мен Украинадағы Запорожьенің дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру институтымен былтыр жасалған келісім-шарттың аясында мүмкін болып отыр.

Берик Касен.