Ауыл шаруашылығы

Өңір кәсіпкерлері мемлекеттен несие алып малдың санын көбейтіп жатыр

Шамшудин Гайнутдинов, “Гайнутдинов” ШҚ жетекшісі, Мамлют ауданы

– Мемлекеттен 1,5 млн. тг. несие алдым. Қарызды 2 жылдың ішінде төлеп бітіремін деген ойдамын. Өйткені, жылдық пайыз мөлшерлемесі төмен. Жыл басынан 50 қой қоздады.

Шаруа қожалығының жем-азық өсіретін 28 Га. жері бар.

Рамиль Гайнутдинов, “Гайнутдинов” ШҚ жетекшісінің орынбасары, Мамлют ауданы

– Жалғыз қошақайлар тез салмақ жинайды. Ал, қойдың егіз қозысы сүт жетпегендіктен баяу өседі. Біз ұсақ малға таңертең, кешкісін жем, шөп беріп тұрамыз. Ал, күндіз өріске жаямыз.

Жеке кәсіпкер Шамшудин Гайнутдинов шопан ата төлінің басын барынша көбейтпекші. Бірақ, алда ұсақ малдың етін базарларға өткзуде қиыншылық туындамаса деп алаңдайды. ШҚ-ның басшысы ол үшін өңірімізде қой етін өткізу орындары көптеп ашылса деген тілегін білдірді.

Өңір кәсіпкерлері мемлекеттен несие алып малдың санын көбейтіп жатыр.

 

 

Берик Касен.