МТРА жаңалықтары

5-ші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 36-шы сессиясы өтті

Жібек Есдаулетова – Петропавл қаласы қаржы бөлімінің басшысы

– Негізінен 1 млрд. теңге – төленбеген акциздің есебінен түспей қалды. Оның үлесі жалпы көлемде 16,2 пайыз. 2014 жылы негізгі салық төлеуші “ПЛВЗ” ЖШС өзінің ісін тек 1-ші маусымда ғана қайта қосты. Бұл бюджетті толтыруда өз әсерін тігізді.

Күн тәртібінде қарастырылған тағы бір өткір сұрақ – ол жолда жүруді қамтамасыз ету мен жолаушыларды тасымалдау жайы. Жыл сайын қала көшелерін жөндеуге 250-400 млн теңге бөлінеді екен. Жиын барысында сөз алған Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қайролла Ғалеев қыруар қаражат қарастырылғанымен, бұл сома жол мәселесін толық шешуге жетпейді дейді.

Қайролла Ғалеев – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары

– Облыс орталығындағы автожолдардың ұзындығы 366 км. Өткен жылы бюджеттік бағдарламалардың аясында 347,4 млн теңгеге 15 көше орташа жөндеуден өтті. Жолда жүруді қамтамасыз ету үшін 4 диодты бағдаршам орнатылды. Енді 2015 жылы жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер жолына жарықты және дыбысты қондырғылар орнату мен Сенная-5 көшесінде жол салу жоспарлануда.

Жалпы қалалық мәслихаттың кезекті 36-шы сессиясында 9 сұрақ қаралды. Олардың барлығы бірауыздан қабылданды.

Риат Шони.