Мәдениет

Жерлесіміз Сәбит Мұқановтың мерейтойына арналған “Талантқа тағзым” атты Мұқанов оқулары өтті

Амандық Жантеміров – ҚР Құрметті журналисті, ҚР Мәдениет қайраткері, С.Мұқановтың жерлесі

– Биыл Сәбит әкеміздің деп айтуға болады 115 жылдығы. Жуырда СҚМУ-нде ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Міне, бүгін С.Мұқанов атындағы кітапханада осындай кездесу болып жатыр. Бұл жастарға керек.

Бүгінгі «Мұқанов» оқуларында жазушының «Сұлушаш» поэмасынан, «Ботагөз» және «Өмір мектебі» романдарынан үзінділер оқылды. Аталмыш шараға қаламгердің атындағы қалалық 32-ші мектептің оқушылары да ат салысты. 6-сыныптың оқушысы Кристина Гурьянова қазақ әдебиетін жан-тәнімен сйетінін айтады. Әсіресе, Мұқанов шығармашылығы жаныма жақын дейді ол.

Жазушының мерейтойына арналған шараға ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, ұстаздар мен оқытушылар және дарын иесінің туыстары қатысты. Олар «Туған жердің асылы» атты кітап көрмесімен танысып, кітапханадағы Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай бөлмесін де тамашалады.

 

 

Айгерім Ержанова.