Мәдениет

Петропавлда балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі ашылды

Валентина Гладышева – Санкт-Петербург қаласынан келген балауыз мүсіндер көрмесінің менеджері

– Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі өткен жылы да Қазақстанның біраз қалаларында болып, жұртшылық назарына ұсынылған болатын. Мұндағы әр туындының өзіндік тарихы бар, кездейсоқ кейіпкерлер жоқ. Мұражай көрмесінде кино әртістері мен мультфильм кейіпкерлерін де кездестіруге болады. Экспонаттарды қолмен түртіп, ұстауға тыйым салынған. Өйткені тез сынып қалады.

Балауыз үшін салқын жер қажет екендігі белгілі. Мұражайда екі түрлі балауыздан жасалған мүсіндер қойылыпты. Мұнда бүлдіршіндерге жақсы таныс “Шрек”, “Ледниковый период” мультфильмдерінің кейіпкерлері, Иосиф Сталин, Екатерина 2-ші, Анна Иоановна секілді тарихта із қалдырған әйгілі тұлғаларды көзің шалады. Арасында Петр 1-шіні де кезіктіруге болады.

Валентина Гладышева – Санкт-Петербург қаласынан келген балауыз мүсіндер көрмесінің менеджері

– Петр 1-шіні барлық мұражай көрмелерінде кезіктіруге болады. Ол ең алғаш рет Ресейге балауыздан жасалған мүсіндерді әкелген тұлға. Бұл персонажды жасаған шеберлер Петр 1-шінің бет-бейнесі мен түр-сипатын айнытпай көрсетуге тырысқаны анық. Орындалған жұмысты өздеріңіз көріп тұрсыздар.

Балауыздан жасалған экспонаттар көрмесін мамыр айының аяғына дейін тамашалауға болады.

 

 

Бакыт Садуакасов.