МТРА жаңалықтары

Отбасындағы зорлық- зомбылық мәселесі талқыланды

Қайсар Қанафин- СҚО ІІД аға инспекторы

– Жыл басынан бері түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын алу шараларының нәтижесінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыстар саны 20 пайызға азайды. 500-ден астам отбасы әкімшілік жауапкершіліккке тартылды.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар соңғы кездері азаматтық отбасыларлдың саны көбейіп кетті дейді. Алайда ондай қарым- қатынастар жанұя мүшелері алдындағы жауапкершілікті жойып, отбасылық құндылықтардың сақталуына кедергі келтіреді.

Алина Орлова- «Әйелдерді қорғау орталығы» ҚБ төрайымы

– Азаматтық қарым- қатынастар ешкімді қорғамайды. Онда әйелдің де ердің де құқығы қорғалмайды. Азаматтық қарым- қатынастың арты жақсылыққа апармайды. Сондықтан біз жастарды отбасын құруға шақыру керекпіз. Ол барлығының татулықта- бірлікте өмір сүруіне әкеледі. Бақытты отбасы ғана қоғамға бір пайдасын әкеледі.

«Отан отбасынан басталады» демекші тек үлгілі жанұя ғана қоғамның бір бөлшегі бола алады. Мұны кездесуге жиналған жастар да айтып отыр.

Любовь- Гладышева- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті

– Отбасын жай бұза салуға болмайды. Оның үстіне сені қолдайтын жандар да табылады. Сенің отбасың үшін жауапкершілігің артады. Қаржылық жағынан болсын, өзге жайттарда шешім екі жақтың келісімімен қабылданады.

Айта кеткен жөн, бұл шара «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберіндегі отбасын қолдау апталығы аясында өткізілуде.

 

 

Магжан Ахмадина.