Бизнес және экономика

Мемлекеттік бағдарламаларға жүгінушілердің саны артқан

Владимир Ульянов, жеке кәсіпкер, Мамлют ауданы

– Мемлекет тарапынан бүгінде өз ісін өркендеткісі келетін бизнес өкілдері үшін үлкен жеңілдік қарастырылған. Несиеннің шарттары тиімді әрі оны бірнеше жылға бөліп қысылмай төлеуге болады. Мен несиені жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен 4,5 (жарым) жылға рәсімдедім. Алда тұрғындар мен мекемелерден көп тапсырыс түсіп жатса, ісімді кеңейту жағын ойластырамын.

Бизнесмен өз өнімін Мамлют қаласының тұрғындарына саудалайды. Мұнда тапсырыс берушінің талғамына сай жұмсақ және корпустық жиһаздарды 2 шебер құрастырады. Жалпы былтыр өңірімізде “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” бағдарламасына 600-ден астам кәсіпкер жүгінді. Солтүстікқазақстандықтарды көбінесе несиенің тиімді шартары қызықтыратын көрінеді.

Ерік Әубәкіров, “Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚОФ несие менеджері

– Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚОФ былтыр құны 1 млрд. 700 млн теңгенің 603 жобасын несиелендірді. Оның 457 жобасы “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” бағдарламасына тиесілі. Бүгінде жергілікті филиалда 61 солтүстікқазақстандық бизнесменнің өтінімі қаралды. Оның жалпы сомасы 274 млн. теңгені құрайды.

Осы күні “Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ жергілікті филиалында “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша жалпы құны 19 млн. 500 мың теңгенің 8 жобасы мақұлданды.

 

Берик Касен.