МТРА жаңалықтары

Көктемгі су тасқынымен күрес жалғасуда

Асхат Бәкішев- СҚО ТЖД бөлімінің бастығы

– Екі төтенше жағдай Есіл өзені арнасынан асқандықтан орын алды. Олар – Ғ.Мүсірепов ауданындағы Разгульное ауылы мен Қызылжар ауданына қарасты Новоникольск ауылындағы өтпелі көпірлер. Осыған байланысты, қазір тұрғындар айналма жолдар арқылы қатынап жатыр. Қалған 6 жол учаскілері еріген қар суынан зардап шегуде. Ондай жағдайлар Уәлиханов, Тайынша және Шал ақын аудандарында тіркелген. Судың деңгейі шамамен 5-6 см. құрап отыр. Сондықтан халықтың жүріп-тұрауына қиындық келтіріп жатқан жоқ.

Бүгіндері аса қауіпті деген аймақтарда 360 құтқарушы мен 200-ге жуық арнайы техника жұмыс жасауда. Күні кеше облыстық төтенше жағдайлар саласының техника паркі су жаңа 5 көлікпен толыққан.

Асхат Бәкішев- СҚО ТЖД бөлімінің бастығы

– Құтқару көліктері материалық қордан бөлінген қаржыға алынды. Ол екі вахтовка, тартқыш трейлер, экскаватор және бульдозер. Соңғысы Тайынша ауданына беріледі. Қалғандарын біз қажетті деген аудандарға бөліп береміз.

Облыс орталығына келер болсақ, мамандар өткен жылғыдай су басу фактілері әзірше тіркелген жоқ деп отыр. Алайда еріген қар суынан 62 үй зардап шеккен.

 

 

Магжан Ахмадина