Аптадағы маңызды жаңалықтар

Көктемгі су тасқыны облыс басшылығының басты назарында

Дегенменде, сақтықта қорлық жоқ. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жауапты ведомство басшыларымен қауіпті аймақтарды тікұшақпен барлауда. Су таси қалса қызыл су маңайдағы елді-мекендерді басу қаупі бар.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан обылысының әкімі

– Сілеті су қоймасындағы су деңгейі төмендеп келеді. Уәлиханов ауданындағы Қаратал, Қулыкөл ауылдарының жағдайы тұрақталды. Көшірілген халық қайта ауылдарына қайтты. Малын жеткізіп жатырмыз. Су шайған жолдарды жақында жөндеу басталады.

Дегенмен, өңірдегі бірақатар елді-мекендер қар суынан зардап шегуде. Қызыл су 7 ауылға кіріп, 62 үйді басып қалған. Оған қоса, 24 жолдың аумағын шайып кетіпті.

Есілдің арнасынан көтерілмеуі Сергеев су қоймасына да байланысты. Бүгінде мұндағы тіршілік көзі шамадан тыс. Өйткені биыл қар көп болды. Қазір артылған су өзенге ағып жатыр.

Асхат Бәкішев – СҚО ТЖД бөлімінің бастығы

– Сергеев су қоймасындағы жағдай қалыпты. Мұндағы тіршілік көзінің деңгейі 127 сантиметр. Бұл шамамен 780 млн. шаршы метр. Қазір секундына 800 шаршы метр су құйылып жатыр.

Апат айтып келмейді. Көктемгі су тасқынымен күресу үшін облыстық бюджеттен 350 млн. теңге бөлініпті. Ал төтенше жағдайларды жою үшін 1167 бірлік техника сақадай сай тұр.

 

 

Риат Шони.