Қылмыс

Жұмысшы кентінде есірткі заты табылды

– Шесть, семь, восемь, девять, десять, одиннадцать, двенадцать. Двенадцать свертков из под полиэтилена в одном футляре из под «Киндер-сюрприз». Второй футляр сейчас также вскроем. – Кому это принадлежит? Что внутри находится?

– Я не знаю, я не в курсе.

Полиция қызметкерлері ұнтақ салынған барлығы 5 қорапшаны тәркіледі. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы жаңағы заттың героин екендігін көрсеткен.

Әлия Ешпенова – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы

– Жұмысшы кентіндегі жеке үйлердің бірінде жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының арқасында «А» есімді азаматтан есірткі салуға арналған орамалар мен ақша тәркіленді. Аулада тінту жұмыстарын жалғастыру барысында «Киндер-сюрприз» қорапшасынан салыған ақ ұнтақ табылды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат салмағы 25, 88 граммды құраған героин есірткісі екендігі анықталды.

Қазіргі таңда күдікті тергеу абақтысында қамауда отыр. Бұл факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-шы бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Егер сезіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мәліметі бойынша облыс аумағында жыл басынан есірткіге қатысты 153 қылмыс тіркелген. 4 келі түрлі есірткі заты, оның ішінде 100 граммнан астам героин тәркіленді.

Данаш Хамзина.