Құқық қорғау органдары

Жемқорлыққа жол бермеудің амалдары

Өмірәлі Рахымберлинов- СҚО ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы

– Өткен жылы жемқорлыққа жол берген 10 тәртіп сақшысы жазаланса, жыл басталғалы олардың саны 4-ке жеткен. Айталық, наурыздың 22-сі күні М. Жұмабаев ауданының полицейі арнайы операция барысында 30 мың теңге көлемінде қаржы алып жатқан жерінде ұсталды.

Жолдарда жоғары жылдамдықпен жүйіткіп, ережелерге бағынғысы келмейтін тәртіп сақшылары да көбейді. Тек ағымдағы жылы ғана тәртіп сақшыларының қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Салдарынан республика көлемінде бұл көрсеткіш бойынша 2-ші орынға тұрақтаппыз. Бұл ретте заң жобасының қатайтылғандығы жөнінде айтылды.

Әділбек Мұқашев- Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары

– Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап, заң жобасы қатайтылды. Жемқорлыққа жол бергендерге белгіленетін жазаның мерзімі ұзартылды. Оларды шартты түрде уақытынан бұрын босату алынып тасталды. Сондай-ақ, мұндай заңбұзушылыққа жол берген мемлекеттік қызметкер ендігі уақытта лауазымды жұмысқа тұра алмайды.

Жалпы кездесуге 150-ге жуық тәртіп сақшысы қатысты.

 

Магжан Ахмадина.