МТРА жаңалықтары

Су тасқынынан зардап шеккен Қарағандылықтарға көмек жіберілуде

Нұрбек Нәбиев- «Қазпочта» АҚ СҚОФ бөлім басшысы

– Тұрғындардан жинап жатырмыз. Біздің пошта қызметкерлерінің арасында жиналды. Онымен қоса сенбіліктен түскен қаржы да оларға аударылады.

Қант Исина су тасқынынан зардап шеккендерге әсіресе жылы киімдер қажет деген ойда. Сондықтан, бүгін ол күртеше, шалбар, жейде, аяқ киім алып келіпті.

Қант Исина-«Қазпочта» АҚ СҚОФ қызметкері

– Бәрін белсенділік танытуға шақырамын. «Апат айтып келмейді» сондықтан бір ел болғандықтан отандастарымызға жұмыла көмек көрсету керекпіз. Сондықтан көмек көрсетемін дейтін тұрғындар болса, біздің бөлімшелерге келіп, заттарын тапсыруға болады.

Пошта қызметкерлері солтүстікқазақстандықтарды көк судан зардап шеккендерге белсенді түрде көмек қолын созуға шақырады.

Мағжан Ахмадина- тілші

– Бұл Қарағанды облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары үшін жөнелтілетін алғашқы көмек болмақ. Қораптар тиелген жүк көлігі түстен кейін Орталық Қазақстанға жол тартады. Айта кеткен жөн, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалы бұдан кейін де қажетті киім- кешектер мен азық- түлік қорын жинау шараларын жалғастырмақ.

Магжан Ахмадина.