Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-нда қытайлық компания бидайды терең өңдейтін зауыт салмақшы

Gao Jianfeng – Wuhan Shilinfuxing Technology & Development Co. Ltd қосарлас инвестор компаниясының бас инженері

– Біз осында бидайды тереңдеп өңдеуге арналған зауыт салғымыз келеді. Ол 3 бөліктен тұрмақ. Жоба дәнді басынан-аяғына дейін өңдеуді қарастырады. Яғни, оның барысында бір түйір де зая кетпейді. Мәселен, өнімді шығару кезіндегі қалдықты малды бордақылауда қолданып, одан артылғанын химиялық тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарайды.

Негізінде бұл компания ғарышқа азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысатын көрінеді. Қытайда сондай 5 өндіріс орны болса, біреуі – осы компанияныкі. Ал, бидайды тереңдеп өңдеу зауытының аспанасты елінде 10-ы бар. Компания соның 9-ының құрылысына қатысыпты.

Gao Jianfeng- Wuhan Shilinfuxing Technology & Development Co. Ltd қосарлас инвестор компаниясының

– Зауытта 1 мыңға жуық адам жұмыс істеуі мүмкін. Ал, соның 700-дейі Қазақстанның азаматтары болса, қалғаны – қытайлықтар. Яғни, басшылар, техникалық мамандар мен ғалымдар. 5 жылдың ішінде қазақстандық зертханашыларды оқытып, үйретуге болады.

Қытайлық инвесторлардың айтып отырғаны – шағын кәсіпорын емес. Алып зауыттың аумағы 500-700 гектарды құрамақ.

Қазір жобаның тиімді тұстары талқылану үстінде. Қабылданбас бұрын мәселе әлі егжей-тегжейлі талқыланбақ.

 

Данаш Хамзина.