МТРА жаңалықтары

Қызыл су осы аптада Петропавлға жетеді

Көктемгі су тасқыны биылғы жылы 23 елді-мекен мен өзен деңгейінен төмен орналсқан саяжайларға қауіп төндіріп тұр. Мәселен, Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское селосында Есіл өзенінің көтерілуінің салдарынан автомобиль көпірі су астында қалып отыр.

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД бас маманы

– Қазір Сергеев су қоймасында жағдай тұрақталды. Ондағы су деңгейі 126 см болып тұр. Ал кеше 137 см болған. Шал ақын ауданында Есіл өзені төмендегенімен Долматово, Новоникольск селолары мен Петропавл қаласында тіршілік көзі көтеріліп келеді.

Қауіпті аймақ деп танылған Уәлиханов ауданындағы Қулыкөлге көшірілген 232 қараталдық тұрғын, қазіргі таңда қайтадан өз үйлеріне оралды. Мамандар бұл жер енді су астында қалмайды деп болжауда.

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД бас маманы

– Уәлиханов ауданында жағдай тұрақталды. Көшірілген барлық тұрғындар өз үйлеріне оралды. Тек ол жерде Қаратал мен Қулыкөлді байланыстыратын жол шайылып кетті. Енді оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 600 тонна инертті материал себілді.

Сақтықта қорлық жоқ. Қазір облыста көктемгі су тасқынына байланысты 18 701 тонна инертті материалдар дайындалған. Сонымен қатар СҚО ТЖД жеке құрамынан 26 маман мен 16 бірлік техника жұмылдырылыпты.

Риат Шони.