МТРА жаңалықтары

Көктемгі аңшылық маусымы басталды

Тамара Янцен – аңшы

– Саятшылықтың мақсаты – олжаға кенеліп, аң-құсты атып алу. Бірақ әрдайым ойлағандай бола бермейді. Соған қарамастан, табиғат аясында жақсы дем алуға болады.

Мылтықтар оқталып, аңшылық басталды.

Бірақ аңшылар мүлт кетті. Айта кету қажет, браконьерлер мен саятшылардың айырмашылығы сол – соңғылары популяциямен де айналысады. Яғни, саны жағынан сиреп бара жатқан құстарға саятшылық құрмайды. Тек заңмен рұқсат етілген ережелер бойынша аңшылық жасайды.

Жанболат Үмітбаев – “Сергеев” Орман шаруашылығы” аңшысы

– Саятшылық құрғанда аңшыда міндетті түрде рұқсат қағазы, жолдама болу керек. Сонымен қатар, мылтығын пайдалану мерзімі ұзартылып, билетте арнайы мөр басылуы қажет.

Соңғы кездері аңшылық дегдарлық хоббиге айналды. Өйткені, бұл ермекті құмартқандар оған көп қаражат құюда. Мәселен, мына “Арго” маркалі көлік 30 мың АҚШ долларына алынған. Мұнымен саятшылар сазда да, қыстыгүні да кез келген жерге емін еркін жете алады.

Дегенмен, көптеген аңшылар кеңестік жүк көлігін таңдайды екен. Мұндай техниканың салонын олар өз талғамдары бойынша безендіреді. ГАЗ-66 жүк көлігінің ішінде жататын орын, асхана, тіпті теледидарға дейін бар. Жақындап келе жатқан жауынға қарамастан, дала үйрегін қанжағаға басқылары келетіндердің қатары қалың. Жалпы бұл жолғы аңшылық маусымы 15 күнге жалғасады.

Айтолла Уакишев – СҚО табиғат ресустары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы

– Әдетте аңшылық маусым кеш басталатын. Биыл құстардың ерте келуіне байланысты саятшылар маусымды ерте бастауды сұраған болатын. Осыған байланысты биыл біздің басқарма 2300 дала үйрегін атуға рұқсат беріп отыр.

Міне, саятшылық күні аяқталды. Өкінішке орай, құралайды көзбен атқан мерген табылған жоқ. Ал қаздарға саятшылық құруға рұқсат етілмейді, тек дала үйректерін ғана атуға болады. Десе де, бастысы олжа емес, табиғатта дем алу дейді аңшылар. Саятшылықтың соңында дәстүрдегідей кешкілік отырыс ұйымдастырылды.

 

Риат Шони.